ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ӘНІМЕН ӘР ЖҮРЕКТІ ӘЛДИЛЕГЕН

15:48, 16 тамыз 2019

Шымкентте танымал композитор, «қазақ вальсінің королі» атанған Әнұранымыздың авторы Шәмші Қалдаяқовқа арналған еске алу концерті өтті. Кеште жарты ғасыр өтсе де өміршеңдігін жоймаған сағынышқа толы әсем әндері шырқалды. Сағындырыған Шәмші әндерін халық асқан сүйіспеншілікпен тыңдады.

«Қазақ вальсінің королі» атанып кеткен ән ағаның жырлары жылдар өтсе де өзектілігін жоймай ұрпақтан ұрпаққа мұра боп келе жатыр. Шәмшінің әндері қашанда көңілге қуаныш, жүректерге толқу ұялатады. Компазитордың туған күніне орайластырылған кеш шымкенттіктерге бақыт құшағын сыйлады.

Бұл күні талант иесінің әндері  жанды дауыста орындалды. «Арыс жағасында», «Қайдасың», «Жайықтың толқындары» атты туындылары көрермендер мен бірге шырқалды. Шоқтығы биік композитордың қазақ өнеріндегі айшықты орны туралы пікірлер айтылып, көзін көргендер боямасыз образын суреттеп берді.

Бар қазаққа ән салдырған, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні, ұлы сазгердің өз  атындағы облыстық филармонияның жаңа маусымымен тура келді. Мұндағы әртістер қауымы қос қуанышты барынша жоғары деңгейде атап өтіп, халқымыздың біртуар ұлының шығармашылығы еш өлмейтінін дәріптеді.   

Ә. ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ                                                              

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...