ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

ГОЛЛИВУДТЫҚ МУЛЬТФИЛЬМ КЕЙІПКЕРЛЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙДІ

15:38, 19 маусым 2018

Голливудтық мультфильм кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді. «Болашақ» корпоративтік қоры Marwin компаниясының қолдауымен «Суперотбасы-2» анимациялық туындысының қазақ тілді картинасын үлкен экранға шығарды. Туынды Қазақстанның барлық кинотеатрларында маусымның 15-інен бастап, көрсетілуде.

Мультфильмнің желісі түрлі оқиғалардан тұрады. Бұл жолы көптің көзайымына айналған «Мистер ерекшені» басқа қырынан көре аласыз. Эластика атты оның жұбайы Хелен Парр... Виалетта, Дэш және Джек-Джекті әкелерімен қалдыруға мәжбүр болады. Отбасы үшін бұл қиын кезең күрделене түседі. Себебі, олар Джек-Джектің супер қабілеті барын білмейді. Бар қызық отбасы мүшелері жаңа қарсыластарға төтеп беру үшін Фрионмен қосылып күрескенде басталады.

Картинаның қазақ тіліндегі дубляж режиссері  - Шах-Мұрат Ордабаев. Бұл - оның тәжірибесіндегі 4-ші толыққанды жобасы. Дубляждауға барлығы 60-тан аса актер ат салысқан. Ал, басты рөлдегі кейіпкер Виолеттаны қазақ тілінде сөйлету үшін лайықты дауыс табу қиынға түсіпті. Сөйтіп, бүкіл Қазақстан бойынша іздеу жүргізіліп, Айкөркем Әділгерееваның даусы лайықты деп танылған. Бұл туынды - оның алғашқы жұмысы. 

«Суперотбасы – 2» - «Болашақ» корпоративтік қоры қазақ тіліне дубляждаған 24-ші фильм.  Қазір өз еліміздегі қазақтар ғана емес, шетелдегі миллиондаған қандастарымыз осы туындыларды көріп, көзайым болуда. Ал, қазақтың жүздеген актерінің дауысы «Disney»-дің базасына еніп отыр.

Н.МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...