ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР ПЛЕНЭРІ ДОСТЫҚ ТУЫН БИІКТЕТТІ

15:03, 30 шілде 2018

«KASKASU» халықаралық суретшілер пленэрі өз мәресіне жетті. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған шараға Түркия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінен және республикамыздың бірқатар қалаларынан 30-ға тарта қылқалам шеберлері келіп, қатысты. Шараның салтанатты жабылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, пленэрге атсалысқан суретшілерді марапаттады. Тау баурайында апта бойы сурет салып, өңір табиғатына тамсанған суретшілер еңбегі отандық туризмді дамытып, көркем-эстетикалық тәрбиені мығым ететініне сенім білдірді.

Бастама түбі бір түркі жұртының бір болуына тағы да мүмкіндік берді. Алаштың атағы жер жарған суретшілері тауға келіп, талай дүниеге ғұмыр сыйлады. Әр картина  туған жердің тұмса табиғатына таң қалдырады. Отаншыл жүрекке ән салдырады. Іс-шара өз мақсатын орындады. Түркістан облысының көзтартар орындары бейнеленіп,  көркемсурет қоры толықты. Географиялық ерекшеліктерді әлемге паш ететін мүмкіндік зор. Ренат Елубаев 7 жылдан бері сурет  салумен айналысады. Төлеби топырағына келуі - алғаш рет.

Қылқалам шеберлері бес күн ішінде Түркістан, Төлеби, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Мақтарал, Жетісай, Сарыағаш, Шардара аудандарындағы бірқатар тарихи - мәдени орындарда болып, сондағы көріністерді қағаз бетіне түсірді. Шара барысында, «Журналистикадағы шеберлік» тақырыбында журналистерге ақпарат саласында кәсіби білімі бар тұлғалар келіп, тәжірибе сабағын өткізді. Саладағы бірқатар өзекті мәселедерді қозғап, тілші қауымның көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді. Ал, суретшілер салған туындыларын көрермен назарына ұсынды. Осы өнерге құштар балаларға, шеберлік дәрісін өткізді. Көрменің көркін ашатын суретті қалай салу керектігін үйретті. Облыс әкімі қылқалам шеберлерінің осынау еңбегіне жоғары баға беріп, қатысушыларды марапаттады. Қаржылай сыйақы табыс етті.

Жансейіт Түймебаев –  Түркістан облысының әкімі

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, туған жер, туған ел... оны сүю, оны қадірлеу, соның барлығы ынтымиақтастық арқылы лдан сайын беки түседі.

Айта  кетейік, көрмеге еліміздің Астана, Алматы, Орал, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Тараз қалаларынан, сондай-ақ, Түркістан облысының арнайы білімі бар кәсіби суретшілері қатысты. Рухани жаңғыру турасында, туған жердің қасиет-киесі жайында тағылымды әңгіме өрбітті.

Жансейіт Түймебаев –  Түркістан облысының әкімі

Суретшілік - адамзатқа дарыған ерекше өнердің бірегейі. Бұл Алладан берген дарын. Өркениеттің дамуының түрлі кезе ңдері де біздің дәуірімізге қыл-қалам шеберлерінің   мұрасы арқылы жетті.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, отандық эстраданың елге танымал өкілдері Төлеби төрінде әуелете ән салды.

М.ӘСЕМБЕК                                          

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...