ШҰҒЫЛ! ХҚКО САБЫЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ Толығырақ

«ІШТАРЛЫҚ ПЕН ҚҰШТАРЛЫҚ...»

12:44, 24 шілде 2018

Жазушы Мархабат Байғұт тағы бір тың туындысының тұсауын кесті. Қаламгер жаңа еңбегін... ғұлама ғалым, айтулы Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлына арнайды. «Іштарлық пен құштарлық» атты хикаят-эссе кітабы... Мұқағали жиіркене баяндаған күншілдіктің түр-түрін әшкере етеді. Деректі дүниеде «Кіші күншілдік», «Ірі іштарлық», «Империялық іштарлық», «Құмар қыздың құштарлығы», «Құштарлыққа құштарлық», «Құнанбайұлына құштарлық» сияқты ауқымды бөлімдер бар.

Сиясы әлі кеппеген шығарма ақын туған елде таныстырылды. Тұсаукесер рәсіміне орай аудандық «Шамшырақ» қоғамдық саяси газетінің баспасөз орталығында арнайы брифинг болып өтті. Оған облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, БАҚ қызметкерлері қатысты. Жазушының кең, пайымды таным көкжиегіне көз жүгіртті.

Кітапты туған жердің тұғырлы тұлғасы Түлкібас ауданының 90 жылдығына тарту ретінде ұсынды. Еңбекке арқау болған, ауданмен түйдей құрдас Мекемтас Мырзахметұлы автор Мархабат Байғұтпен інілік ізетті әңгімесін жүргізді.  Бұдан соң іс-шара Азаттық ауылының Мәдениет үйінде жалғасты.

Іс-шара барысында ғалым өмірінен сахналық қойылымдар да ұсынылды. Көк көкейін арнайы қойылған кітап көрмесі... ажарландыра түсті.

Арайлым БАЙЗАХОВА                 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...