ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

17:53, 30 шілде 2018

Қазақ кино өндірісі жаңа туындымен толықты. «Шабдалы» деп аталатын толықметражды фильмді «Асыл арна» телеарнасы түсірген. Туындыға халық арасындағы танымал оқиға арқау болған. Ұлттық салт-дәстүріміз бен түстік өңірлерде сақталған қазақы құндылықтар да кеңінен дәріптеледі. Мұнда бірлігі бекем елдің баянды тіршілігі де сценариге – ой тамызық.

«Шабдалы» фильміндегі негізгі оқиға 2000 жылдары болған. Табысты заңгер болуды армандаған астаналық жоғары оқу орнының студенті оқу бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынына тұрмысқа шығады. Жетісайға көшіп келеді. Бойжеткеннің анасы бұл әрекетке аса қуана қоймайды. Себебі, қызының мансап құрып, жоғары қызметте істейтінінен үмітті еді. Перзент таңдауымен келіспеген ана қолынан келгеннің бәрін істеп, қызын үйге қайтаруды ұйғарады. Алайда, уақыт өте келе өмірдің мәні екі жастың бақытында екенін түсінеді. Ақ батасын береді.

Киносүйер көрермен фильмнің мазмұнына тереңінен үңілді. Тұсаукесерден соң түсірілім тобы мен басты рөлді сомдаушыларға ыстық ықыластарын білдірді. Кинотуындының басты ерекшелігі ұлттық тәрбиеге, тұрмыс шындығына құрылғандықтан көптің ықыласына бөленді.

Жандос Құсайынов – фильм режиссері, сценарий авторы

Кино жай ғана өнер емес, ол - қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын негізгі құрал. Кино – кез келген мемлекеттің мәдени айнасын айқындайды. Сондықтан, тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасуында мұндай туындылар көптеп керек-ақ. «Шабдалы» осы орайда шаңырақ шаттығын еселеп, отбасылық институтты нығайтуға, Қазақстан демографиясын жақсартуға септесетінін туынды екенін айғақтады.

Нұрсұлтан МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ                                                           

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...