ШҰҒЫЛ! ХҚКО САБЫЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ Толығырақ

КӨНЕ ОТЫРАРДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША ТЫҢ БАСТАМА

12:40, 14 маусым 2018

Қазақ мықты болуы үшін түп тарихынан ажырамай, бүгінгісімен тағылымды өмір сүруі қажет. Мұның жас ұрпаққа берер тәрбиесі зор. Осыны ескерген Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары көне Отырар қаласын көп жылдардан бері зерттеп келеді. Оқу орнының магистранты Әсел Шағаева бүкіл әлемге мәшһүр болған ортағасырлық шаһарды қайта қалпына келтіру бойынша тың бастаманы қолға алды.

Отырар - өркенниеттің алтын бесігі. Өнер мен ғылымның ту тіккен ордасы. Ол VIII ғасырдың басында Тарбанд деген атаумен белгілі болған.  Орта Азиядағы сауда жолындағы маңызды қала атанды. Әлемдегі ең ірі кітапханалар мен көптеген мешіт-медреселер орналасты. Ғылыми негіздегі   Отырар қаласын қайта қалпына келтіру мақсатындағы диссертациялық жұмыста осының бәрі көрініс тапқан.

Ерлан Айтаханов - Отырар ауданының әкімі

Университеттегі ғылыми зерттеу жұмыстары бүгінгі таңда атқаралып жатқан практикалық тәжірибемен ұштастыру керек. Ғылыми зерттеумен негізделген кәсіпкерлерміз осындай көне этноорталық салады. Отырардың ескі көріністерін жасайды. Осы жерде қателік жібермеуіміз керек. Бірлесіп істеген жұмыс оң нәтижесін табады деп ойлаймын.

Әсел Шағаеваның Жібек Жолы бойында туризмді дамыту мақсатындағы ғылыми жұмысы сәтті шықты. Онда көне Отырардың картографиялық, археологиялық нұсқалары сақталып, бейнеленді. Заманауи компьютерлік бағдарлама көмегімен көне қаланың тұрғынүйлері, бекініс мұнаралары, хан сарайы мен  үш қақпасы қамтылған. Оны 12 минуттық бейнефильмнен көруге болады.

Ардашер Юсупов - М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы, ғылыми жетекші

Айтылған пікірлердің бәрі есепке алынып, келешекте докторлық диссертацияда жалғастырады. Сол кезде кемшіліктің бәрі түгенделіп, үлкен ғылыми жұмыс болатынына үміт артамын. Ғылыми жұмыстан Жібек Жолы бойында үлкен мәдениет орталығы болғанын көрсете білді.

Жас ғалым өз ғылыми жұмысын қорғау барысында тарихи Отырар қаласының ғажайып құрылысы туралы  құнды пікірлер айтты. Көне қала архитектурасын жаңғыртуға қатысты комиссия мүшелері де ұсыныс-пікірлерін жолдады. Отырарды ұлт игілігі үшін әлі де зерттей түсу қажеттігін жеткізді.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ                                      

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...