ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ Толығырақ

Көнеден жеткен сыр сандық!

14:18, 14 қыркүйек 2017

«Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат». Облыстық ардагерлер кеңесі Елбасының «Рухни жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласын жас буынға насихаттады. Оқушыларға өмірі өнеге аға буынды үлгі етіп, салт-дәстүр мен адамгершілік қасиеттер хақында әңгімеледі.

       Жиынның қадірлі қонағы «Еңбек», «Қызыл ту», «Ленин» ордендерінің иегері  Фатима Қадірбаева болды. Ел анасы маңдай терімен, еселі еңбегімен есейген жан. Ардақты ана еңбек жолын шопандықтан бастап, колхоз басқаруға дейін көтерілді. Жаны нәзік болса да, елдің дамуына, аймақтың көркеюіне сүбелі үлес қосты. Ұлыларын ұлықтай білген халық ұрпағы жақсының жақсылығын айтып қуанды.

       Жиын барысында аймақ аңызына айналған Фатима Қадірбаева оқушыларға өмірінің ерекше сәттерін баяндады. Қилы ғұмыр кеше жүріп, жинаған тәжірибесімен бөлісті. Ақыл-кеңесін де айтты. «Затым әйел болса да, қол еңбегін, қара күшті қажет ететін істермен көп айналыстым. 700 бас қойды төлдетіп, нағыз еңбек майданын кештік. Күндіз-түні ұйықтамай, малдың бабын жасаған күндер де кешегідей әлі есімде», -дейді ол. Жас өскіндерге бұл әңгіме ертегідей қызық болды. Бір қарағанда, жаны нәзік, жүрегі жұмсақ адам осыншама ауыр жұмысты қалай атқарды?, - деп, таңырқай қарағандар да  болды. Бірақ, еңбегіне қарай - өнбегі. «Үздіксіз, адал еңбек еткен адамға бақыт басын имей қоймайды» дегенді асыл ана ісімен көрсетті.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ГОЛЛИВУДТЫҚ МУЛЬТФИЛЬМ КЕЙІПКЕРЛЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙДІ
15:38, 19 маусым 2018
ГОЛЛИВУДТЫҚ МУЛЬТФИЛЬМ КЕЙІПКЕРЛЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙДІ
Толығырақ...
КӨНЕ ОТЫРАРДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША ТЫҢ БАСТАМА
12:40, 14 маусым 2018
КӨНЕ ОТЫРАРДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША ТЫҢ БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
17:03, 14 маусым 2018
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗІЛІКТІ 5 ТҰРҒЫННЫҢ ҮЙІН ЖӨНДЕП БЕРДІ
19:11, 15 маусым 2018
ЖАЛҒЫЗІЛІКТІ 5 ТҰРҒЫННЫҢ ҮЙІН ЖӨНДЕП БЕРДІ
Толығырақ...