ШҰҒЫЛ! Екі ірі күн электр станциясының құрылысы басталды Толығырақ

Қостұраның Мұқағалиі жыр кешін арнады

21:05, 12 қыркүйек 2017

«Мұқаңдар жоқ. Мұқаңдардың сарқыты...». Қазақтың қара өлеңін Мұқағалиша кие тұтқан жас ақын Мұқағали Кенжетайұлы осы тақырыппен әдеби - сазды шығармашылық кешін өткізді. Онда жас таланттың уытты шығармалары орындалып, сөзіне жазылған әндер шырқалды. Салтанатты шараға руханияттың шамын жағып жүрген жазушылар мен ақындар, Қазақ эстрадасының көрнекі өкілдері қатысты.

     Қостұраның етегінен түлеп ұшқан ақын  Мұқағали Кенжетайұлының есімі өлеңсүйер қауымға жақсы таныс. Бала кезден бастап,   ақ қағаз бен қара қаламды жанына серік еткен оның терең барған тақырыптары сан тарау. Жүрек тебірентер жырлары оқырманның көңіл пернесін басып, адалдық, патриоттық сезімдерге жетелеп, сарғайған сағыныштың ауылын аралатады. Жүректің назды үнімен, көңілдің сазды әуенімен өзге бір әлемге жетелейді.

       Әдеби кеште ақынның өнердегі әріптестері әннен шашу шашып, кештің сәнін кіргізді. Мұқағалидың  шығармашылығын сыйлайтын, құрметтейтін аға буын өкілдері ізгі тілектерін жолдады.

      Қара өлеңнен қасиет түйген жас ақын өз туындысын өзі оқып та, жұрт жанына жылылық сыйлады. Көңіл түпкірінен қайнап шыққан шығармаларды оқырман ерекше ықыласпен тыңдады.

      Мұзарт таудың мұзбалағы Мұқағалиша қазақтың қара өлеңін шекпен кигізіп, қайтаратын қалам иесінің... алар асуы, бағындырар белесі - алда. Өлең өлкесіне, жыр биігіне ғашық ұлға әдебиетсүйер қауым ақ батасын арнады. Қаламы мұқалмасын тіледі.

НҰРКЕН Күзербаев

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК ФИЛЬМДЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
13:45, 20 ақпан 2018
ОҢТҮСТІК ФИЛЬМДЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ  ЖАҢА ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛДЫ
16:50, 19 ақпан 2018
ОБЛЫСТЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ ЖАҢА ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЕРІК БЕКЖАНОВ  ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:42, 15 ақпан 2018
БЕРІК БЕКЖАНОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
17:31, 20 ақпан 2018
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
15:45, 15 ақпан 2018
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
Толығырақ...