ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

Мақтаралдық мұғалімдер марапатталды

14:04, 4 қазан 2017

Мақтарал ауданы Құрманбек Жандарбеков атындағы драма театрда аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен«Ұстаз – ұлы тұлға атты» мерекелік іс-шарасы аталып өтті. Мерекеге аудан басшылары мен ардагерлер, ұстаздар қауымы қатысты.

      Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз білеміз. Іс-шараға аудан әкімі арнайы қатысып, бүгінгі айтулы мерекемен құттықтады.

Ғалым Исмайлов – мақтарал ауданы әкімі

  • Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын.  Мына өсіріп отырған өзіңіздің семьяларыңыздың, тәрбие беріп жатқан оқушыларыңыздың арасындағы үлкен тұлғалардың шығуына тілектеспіз. Мынау ауданымыздың білім саласы өркендей берсін.  Сіздерге сіздің семьяларыңызға денсаулық  жақсылық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін.  Мерекелеріңіз құтты болсын.

      Ұстаздардың төл мерекесі үстінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Құрмет» грамотасымен, облыстық білім басқармасының «Алғыс хаттарымен», аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Ардагер ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар таратылды. 

Пернебек Бахтияров – мақтарал ауданы кәсіподақ ұйымының төрағасы

  • Ұстаздар күні жалпы ұстаздарымызға, ардагерлерімізге осы педагогикалық мамандықты таңдаған жалпы халыққа бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын дейміз. Барлығының отбасы аман, дендері сау болсын.  Демек ұстаздарымыздың абырой беделі жоғарылай берсін.  Елдің, халықтың абыройына бөлене берсін.  Еліміздің болашағын жетілдіріп, өсіруде, еңбек етуден тайынбайтын азаматтар болсын деп есептейміз.

      Мерекелік жиында балабақша бүлдіршіндері мен мектептің  өнерлі оқушылары концерттік қойылымдарын қойды.  Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.  Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі шәкірттерге күндей жарық береді. 

Майра  Байжанова - №112 жалпы орта мектебінің директоры

  • Елбасының жасаған, бағыт-бағдар берген  халыққа барлық ісін іске асыратын әрине  ұстаздар. Олай болса мен ұстаздарға творчествалық табыс тілеймін.  Бүгінгі Қазақстанның болашағын жасаушы құрылысшысы мұғалімдер. Олай болса мұғалімдер өз құрылыстарыңызды жақсылап қалап, елдің болашағын жасауға үлкен өз үлестеріңізді қосуға шын жүректен тілектеспін.

      Айта кетейік мақтарал ауданында 125 мектеп бар,  9-мыңға жуық ұстаздарымыз болса, 70-мыңға жуық оқушылар білім алады.  Ал, кәсіподақ ойымы 18-мыңға жуық ұйым бар.  Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,  тілінен бал тамған ақын да тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі ұстаздан білім алған.  Сондықтан да ұстаз ұлы тұлға.

АҚЕРКЕ Бақтыбаева

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
13:04, 23 қазан 2018
ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:53, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...