ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ

18:44, 16 сәуір 2018

Аудандық мәдениет үйлері арасындағы... облыстық сайыс... Созақ ауданында жалғасын тапты. Өткен жылы басталған... додалы жарыстың бас жүлдесіне... Құмкент ауылдық мәдениет үйі... қол жеткізген болатын. Ал, «Мәңгілік ел» номинациясы бойынша Жартытөбе ауылдық клубы марапатталды. Аудан өнерпаздары биыл да өнер биігіне шығуға ниетті.

Өнер байқауына қатысушылар ең әуелі аудандағы киелі мекендерді аралады. Ысқақ баб, Баба түкті Шашты Әзиз кесенелеріне зиярат етті. Одан соң Бабата елдімекеніндегі тарихи мұражайды тамашалады. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында ұйымдастырылған қолөнер бұйымдары көрмесін көрді. Қазылар алқасы аудан аумағындағы клубтардың да жұмысын бағамдады.

Ләйлә Жұмабай – қазылар алқасының төрайымы

Бүгін Созақ ауданы байқауға жан-жақты дайындалғанын көрсетіп жатыр. Қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық салт-дәстүрден театрландырылған көріністер және сахнада талапқа сай өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынды.

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» байқауының басты мақсаты - халыққа мәдени қызмет көрсету шараларын жақсарту, ауыл клубтарының жұмысын жандандырып, жас дарын иелеріне қолдау көрсету. Талай таланттың талбесігіне айналған Теріскей өңірінде бұл жолғы өнер сайысы да жоғары деңгейде өтті.  Күй, дәстүрлі ән, эстрада  жанры бойынша өнерлі жастар көптеп танылды.

Созақбай – байқауға қатысушы

Бізде өтіп «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты бүгінгі кеште Созақ ауданының жасөспірімдері бар, барлығымыз ат салысып, жақсы деңгейде өткіздік деп ойлаймын. Соның ішінде менің орындаған әнім қазақтың әні «Алқоңыр». Бір мақсатым - халық әндері өмірбақи біздің қазақ салт-дәстүрінен өшіп кетпеу үшін, болашаққа қарай жалғасу үшін. Санамыздан өшпеу үшін айтылған дұрыс деп ойлаймын.

Ауыл мәдениеті қашанда ұлттық құндылықтарымыздың алтын  діңгегі саналады. Сондықтан да мұндай мәдени шараларды ұйымдастырудың мәні зор. Осы орайда теріскейліктердің ауыл мәдениетінің әлеуетін арттыру бағытындағы істері құптарлық.

СЕНБЕК Құттыбайұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:53, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР ПЛЕНЭРІ ДОСТЫҚ ТУЫН БИІКТЕТТІ
15:03, 30 шілде 2018
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР ПЛЕНЭРІ ДОСТЫҚ ТУЫН БИІКТЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
18:17, 18 қыркүйек 2018
ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 19 қыркүйек 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
14:10, 17 қыркүйек 2018
«MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...