ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

16:30, 6 маусым 2018

Созақ ауданында... мерейлі отбасылар анықталды. Елбасы бастамасымен... отбасы құндылықтарын дәріптеу үшін ұйымдастырылған байқауға... 17 шаңырақ қатысып, үздіктері Алғыс хатпен марапатталды.

Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Өскелең ұрпақтың білімді, дені сау болуы - әрбір отбасының мызғымас беріктігінде. Сондықтан... ұлттық құндылығымызды насихаттап, салт-дәстүрімізді сақтап қалу - басты міндетіміз. Байқауды ұйымдастырудағы мақсат та сол...

Мерейлі отбасы иелерінің қатарында Шолаққорған ауылының тұрғыны Пардабек Сақтапбергенұлы да бар.  40 жылын мемлекеттік қызметке арнаған ел ағасы ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға да мейлінше күш салды. Іскерлігінің арқасында уран өндіруші компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігін тиімді пайдаланып, бірнеше ауылда әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне себепші болды. Ол - енді «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің лауреаты.

Салтанатты шарада қоғам тұрақтылығын сақтау отбасы құндылықтарын насихаттаумен байланысты екені айтылды. «Аға ұрпақ тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу - парызымыз». Ұлын ұлықты, қызын қылықты етіп өсіріп, мемлекетке мықты кадр дайындаған азаматтар осылай деп тарқасты.

М.ӘСЕМБЕК                                                                

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...