ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

«Музей түні – 2017»: Шаммен шолу!

16:15, 19 мамыр 2017

Мамырдың 18-і -- «Халықаралық музейлер күні» шымқала жұртшылығын ерекше әсерге бөледі. Өнерсүйер қауым бұл күні музейге әдеттегідей күндіз емес, түнде барып, шаммен шолу жасау мүмкіндігіне ие болды. Биыл алтыншы жылдың айшықты шарасы.

Бұл – музей тыныштығы бұзылған түн. Қарауылдың ғана қарасы көрінбейді. У-шу. Сауық-сайран. Концерт басталды.

Бұл түні әлем елдеріндегі барлық мұражайлар жәй ғана мұражай емес, ойын-сауықтыру, көңіл көтеру орталықтарына айналады. Алайда, мұнда демалудың өз ережесі мен ерекшелігі бар. Музейге келушілер жәй ғана музейді тамашалап қана қоймай, викториналық, квест және аңыз айту ойындарына қатысуы қажет. Сонымен қатар, жастар үшін бұл жоба - өздерінің мәдени, тарихи білімдерін тексеруге әрі жетілдіруге келелі мүмкіндік.

Келушілердің көңілі көтеріңкі. Әркім ән салуға асық. Кештің керемет өтуі үшін белсенді. Тарихи-өлкетану мұражайы  бұл түнді жыл сайын  жұмыстан, оқудан ойы мен бойын азат еткісі келетіндерге арнайды. Музей келушілеріне бұл түні әлем елдерінде де құрмет ерекше.  

Гүлмира Лазар – Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі

Музей түні 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Сондай-ақ, 4 жылда бір рет өткізілетін «Музейлер шеруімен» ерекшеленіп отыр. Бұл орайда жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар түрлі номинациялармен, қаржылай сыйлықтармен марапататалды.

Тарихты бағамдап, өлкелердің шежіресіне саяхат жасауға келген тек жастар ғана емес. Ақ жаулықты әжелер, баласын ерткен ерлі-зайыптылар да көп келді. Алған әсерлері айрықша.

Музейге келушілер: Осында музей түні өтіп жатыр дегенді естіп немерелеріммен келіп отырмын. Осындағы көненің көзіндей болған жәдігерлерді тамашалаудамыз. Осы заттарды әкеліп қойған жандарғы мың да бір алығс. Өйткені, біз бәріміз де соғыстан кейін келген адамдармыз, сол кездегі тұрмыс-тіршілікті сезіну үшін бұл жақсы.

Біздің ата-бабамыздан қалған тарихи заттарды көріп, неше түрлі әсер алдық. Толқып қалдық. Енді, достарымызға, ағайындарымызға, Шымкент халқына «осында келіп тұрыңыздар» деп шақырып, айтып жүретін боламыз

Облыстық мұражай жыл сайын жаңа жәдігерлермен толығып, жаңғыра түсуде. Әсіресе, музей дәлізіндегі ерте заманның екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасын айшықтаған экспонаттар көздің жауын алады.

Әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-47 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы Кенесары Қасымұлын көтеріліс кезінде сыртқы жаудан қорғаған серігі – мына қылыш. Бұл – тарихи-өлкетану мұражайындағы ең құнды жәдігерлердің бірі.

Нағыз романтика. Музей түнінде өнерсүйер қауым осы туындыларды шаммен тамашалады. Іс-шара соңына қарай квест, викториналық ойындар ойнады.

АЙЗАТ Бауыржанқызы       

Тақырып бойынша материалдар

Жансейіт Түймебаев - анимациялық туындының авторы
16:56, 16 желтоқсан 2017
Жансейіт Түймебаев - анимациялық туындының авторы
Толығырақ...
Мемлекеттік қызметкерлерді мәдени-рухани дамыту керек
17:26, 14 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызметкерлерді мәдени-рухани дамыту керек
Толығырақ...
Үздіктерді Маржан Есжанова марапаттады
15:01, 14 желтоқсан 2017
Үздіктерді Маржан Есжанова марапаттады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...