ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

«Музейлер шеруінде» озған қайсы?

16:05, 19 мамыр 2017

«Музейлер шеруі-2017». Облысымыздағы 25 музей ай бойы өздерінің жәдігерлерін көпшілік назарына ұсынып, жұмыстарын паш етті. Осы аралықта әр мекеменің материялдық базасы, қызмет көрсету сапасы сынға түсті. Күні кеше, осы ұжымдардың Халықаралық музейлер күніне орай үздіктері анықталып, жетістіктері бағаланды.

 «Музейлер шеруі» байқауы - халық қазынасын, жәдігерлерді сақтауға оны насихаттауға зор мүмкіндік. Сонымен қатар, шалғай аудандардағы  музейлердің орталықпен байланысын нығайтып, өзара тәжірибе алмасуына жол ашады.

Нұрболат Ахметжанов – Облыстық мәдениет басқармасының басшысы

Мұндай байқау өңірімізде 2009-шы жылдан бері аталып өтуде. Ал, әлем бойынша музей мерекесі 1977 жылдан бастап, тойланады.  Халықаралық мерекенің 40 жылдығы қарсаңында облысымыздағы музейлер үш номинация бойынша атқарған жұмыстарына қарай марапатталды.

Бақытжан  Байсары – Бәйдібек аудандық көркем-сәулет музейінің директоры

Музейлер бойынша «Облыстық тарихи-мәдени-этнографиялық орталық»  бас жүлдені иемденді. Ал, филиалдар арасында «Облыстық тарихи-өлкетану» музейінің «Ерлік музейі» филиалы үздік деп танылды. Үшінші номинация экскурсия жүргізушілері бойынша «Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» бас бәйгені қанжығасына байлады. Бұдан бөлек, 1-ші, 2-ші, 3-ші   орындар белгіленді. Жеңімпаздарға 500 мың теңгеден сыйақы берілді.  

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Жансейіт Түймебаев - анимациялық туындының авторы
16:56, 16 желтоқсан 2017
Жансейіт Түймебаев - анимациялық туындының авторы
Толығырақ...
Мемлекеттік қызметкерлерді мәдени-рухани дамыту керек
17:26, 14 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызметкерлерді мәдени-рухани дамыту керек
Толығырақ...
Үздіктерді Маржан Есжанова марапаттады
15:01, 14 желтоқсан 2017
Үздіктерді Маржан Есжанова марапаттады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...