ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫС БИШІЛЕРІ ТҮРКИЯДА ТОП ЖАРДЫ

18:20, 20 шілде 2018

Ел намысын қолдан бермеген даңқты спортшы – мәңгі жадымызда. Енді тақырыпты сабақтастыра отырып, мәдени жаңалыққа кезек берсек. Облыстың «Фараб» би ансамблі... Түркияда өткен Халықаралық би фестивалінде топ жарды. Құрылғанына 1 жыл да толмаған шығармашылық ұжым... Бурса қаласында... XXXII «Алтын Қаракөз» және «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының арнайы жүлдесіне ие болды. Фестиваль лауреаты атанды. Ал, Инегел қаласында... фольклорлық Мәдениет және өнер фестивалінде... жүлделі бірінші орынды иемденді.

ОБЛЫС БИШІЛЕРІ ТҮРКИЯДА ТОП ЖАРДЫ

Бір емес, екі жүлдені олжалап қайтқан «Фараб» би ансамблі...23 мемлекеттің ішінен суырылып шығып, намысты қолдан бермеді. Облыстың ғана емес, дүйім Қазақстан елінің даңқын асқақтатты. Жерлестер жеңісіне қуанған жұрт оларды әуежайдан арнайы ән-шашумен күтіп алды. Жеңімпаздар... жүректерін қолдарына қойып, қазақтың Әнұранын әуелетті.

Халықаралық байқауда би тобы «Фараб»,  «Жетіген», «Көктем», «Аққу», «Қоштасу» билерімен көршілес елдерді тәнті етті. Көрермен көзайымына айналған ұжым... үлкен қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне ерекше алғыстарын жаудырды.

Аяжан Нұрмағанбетова – «Фараб» би ансамблінің белді мүшесі. Бүгін оның қуанышында шек жоқ. Жеңіске жетуіміздің басты себебі, тынымсыз дайындық пен ұйымшылдығымыздың арқасы, - дейді.  

ӨНЕР, СПОРТ – ЕЛ БРЕНДІ

Жеңістен жүзі балбұл жанған жерлестер... елдегі қаралы хабарды естіп те бір есеңгіреп қалды. «Жас спортшы Денис Теннің мезгілсіз қайтыс болуы ел үшін ауыр жағдай. Таланттарды тірі кезінде қолдап, қорғауымыз керек. Ел атын шығаратындар қандай құрметке болсын, лайық, - деді «Фараб» би ансамблінің көркемдік жетекшісі.

Өнер. Спорт. Бұлар – ел бренді. Ұлт мақтанышы. Тәуелсіз мемлекет даңқын асқақтатып жүргендерді қолдап, қорғау баршамыздың міндетіміз екенін естен шығармайық!

М.ӘСЕМБЕК                                         

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...