ШҰҒЫЛ! ХҚКО САБЫЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ Толығырақ

ӨНЕР ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖЕТІСТІГІ САРАЛАНДЫ

13:21, 26 маусым 2018

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымы маусымның жабылуына орай кезекті есептік концертін ұйымдастырды. Түркістан сарайында «Үндессін үнім әлеммен» тақырыбында өткен байқауда өнер ұжымының жыл бойы атқарған жұмысы сараланды.

Сахна шымылдығын Сүгір атындағы қазақ ұлттық  халық аспаптары ансаблі Бөрі Исаның «Мереке» күйімен ашты. Талантымен талайды таң қалдырған «Қазына» би тобы да асқан шеберлікпен өнер көрсетті. Көрермен қауымды  ә.. дегеннен желпіндіртіп, ерекше құлшынысын тудыртты. Ырғақты би әсем әнге ұласты. Түркістан сарайы түрленіп, керемет бір күйге енді.

Әлімжан Мәменов - Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директорының орынбасары

Бұл концерттің  мақсаты  - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласын насихаттау. Халыққа бүгін дәстүрлі өнерімізді, эстрадалық өнерді дәріптеп,  концерт қойып жатырмыз.

Айта кету керек, соңғы кездері әншілер әсері жоқ «фонограмаға» әуес. Қазақи өнерге тән емес, талантты тежейтін осы бір тәсілді өнерпаздар жиі пайдаланатын болып жүр. Киелі сахнада көзбояушылық жасайтындар көбейді. Бұл жолғы байқаудың ерекшелігі - әншілер түгелдей дерлік жанды дауыста шырқады. Түркістан сарайы ашық та қанық, әуелеген әсем әнге бөленді.

Айжан Тәженова - ҚР Мәдениет қайраткері

Әншілеріміздің керемет өнер көрсетуіне оркестр ерекше үлес қосты. Концерттің ерекшелігі - әр саладан шығып, жанды дауыста айтып жатыр.Өзім осы кеште Кеңес Дүйсекеевтің «Асыл ана» әнін басқа қырынан көрсеткім келді. Облыс мәртебесін биікке көтеріп жүрген «Сарын» тобы бар. Сол  үш баламен шығып, «Асыл ананы» басқа қырынан көрсеткім келді.

Есептік концерттік бағдарламада дәстүрлі халық әндерімен қатар, Қазақстан композиторлары мен шетел классиктерінің шығармалары орындалды. «Тұмар», «Алаш»,  орыс  ұлттық халық аспаптары ансамбльдері де шеберлікпен өнер көрсете білді. Дәстүрлі әншілер барын салып, ұлттық  өнерімізді дәріптеді. Екпінді, әсем әуендерімен ел-жұртты баурап алды.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ                                            

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...