ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

Өнерде шектеу жоқ!

20:11, 10 сәуір 2017

Шымкентте ерекше өнер байқауы болып өтті. «Жұлдызай - 2017». Ерекше оқытуды қажет ететін балалар арасында ұйымдастырылған бұл фестивальге жыл сайын 5 мыңнан астам бала қатысып, өнер көрсетеді. Шығармашылық қабілетін шыңдайды. Вокал, аспаптық орындау, ыммен ән салу, би, бейнелеу және декоративті – қолданбалы өнер. Дарынды балалар осы алты аталым бойынша бақ сынасты

Төлебилік Зульфияның жасы 16-да. Оның өмірге деген құлшынысы, өнерге деген қызығушылығы, арманға деген ұмтылысы жоғары. Есту қабілеті нашар демесеңіз, ән айтып, би билеуге бейім.  «Сахнаға шығудан қорықпаймыз, керісінше, ләззат аламыз», – дейді дарынды қызбен бірге өнер көрсеткен би тобы.

 «Қиял ритмі» би тобы

Былтыр да қатысып, би биледік. Ол кезде қазақша би биледік. Осы өнеріміз арқылы Астанаға бардық. Онда өнер көрсеттік.  Биыл да жеңеміз деп ойлаймыз.

Әйгерім Ұзақова – Облыстық №1 саңырау балалар мектеп-интернатының директоры

Бүгін облыс орталығы Шымкентке Зульфия сияқты мүмкіндігі шектеулі, бірақ таланты шексіз балалар өңіріміздің әр аймағынан жиналды.  «Олар арман жолында ешқандай тағдыр соқпағы кедергі болмайтынын дәлелдей түсті. Бірі мың бұрала би биледі. Енді бірі ыммен ән айтты. Ал, өнерлі өрендердің тағы бір парасы өз қолдарынан шыққан  қолөнер бұйымдарын таныстырды. Көпшілікті тәнті етті.

Сағина Жұман – Леңгір қаласындағы тіл кемістігі бар балалар мектеп-интернатының оқушысы

Осы мектепте оқып жүргеніме 3 жыл болды. Бүгінгі байқауға мынадай қазақтың қошқар мүйіз оюын түрлі моншақтармен безендіріп алып келдім. Болашақта осы өнерді игерген маман болғым келеді...

Нұржан Ізтілеуов – Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары

Өнерде шектеу болмайды. Мейірімділік пен әдемілікке толы бұл байқау осымен 12 мәрте ұйымдастырылып отыр. Ерекше балалардың жұлдызын жаққан «Жұлдызайдың» межелі мәресі маусым айында Алматыда өтетін болады. Оған еліміздің әр аймағынан іріктелген 300 оқушы қатысып, бақ сынаспақ.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы                      

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
13:04, 23 қазан 2018
ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:53, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...