ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

ОҢТҮСТІКТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГА-ЖОБАНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛЫП, ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

15:50, 6 маусым 2018

Мамыр - бүкіл қазақ аспанын күмбірлеген күй мен әуелеген әнге бөлеген ай болды. Олай болатын себебі, дәл осы мерзім ішінде «Қазақстан» Ұлттық арнасының ең ауқымды жобаларының бірі - «MEN QAZAQPYN» дәстүрлі әнші- термешілер мен күйшілердің халықаралық телевизиялық мега- жобасына еліміздің бүкіл аймағында іріктеу сыны өткізіліп, ол ай соңында табысты аяқталды. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің көмегімен «MEN QAZAQPYN» мега жобасы халық арасында үлкен қолдауға ие болды. Биыл да аудитория сұранысы ескеріліп, нақтырақ айтсақ, халықаралық жобаның екінші маусымы біздің облыс көлемінде 17-29 мамыр күндері аудан, қалаларда болып өтті. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында Ақпарат және комуникациялар министрлігі мен облыстық әкімшіліктер қолдауымен «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасы халықаралық мега жобасын өткізген болатын.

Елімізбен  бірге Монғолия,Ресей Федерациясы,Қытай Халық Респуликасын қамтыған жобаны  барша көрермен ерекше ықыласпен қабылдады.  Бұл шара  Оңтүстік өлкесінде  қызу жүргізіліп, ол нағыз өнер тойына айналғандай болды. Облыстық деңгейде өткен ең соңғы іріктеу сыны 5 маусым күні  Ш. Қалдаяқов атындағы   филармонияда  ұйымдастырылып,  оған  әр ауданнан үздік шыққан 73 өнерпаз келді. Олар терме, күй, дәстүрлі ән жанры бойынша өнерлерін ортағасалды.  Аймақтарда өткен   алғашқы іріктеу сайысына  268 үміткер қатысқан болатын.  Облысқа қарасты әрбір аудан мен қаладағы   іріктеу сынының өту барысын  «Оңтүстік» телеарнасының шығармашылық ұжымы дәл сол сәтте ретіне қарай  арнайы ғарыштық- интернеттік байланыс құралы арқылы    тікелей эфирде көрсетіп, көрерменге жедел жеткізе білді. Сонымен қатар, байқау жүріп жатқан тұстың өзінде –ақ, оның өту барысы туралы да арнайы роликтер де жедел түрде жасалып, эфирге беріліп жатты. Бұдан бөлек, аудан- қалаларда өткен әрбір іріктеу сыны жайлы он – он бес минуттық бағдарламалар да жасалып, ол күнделік ретінде эфирге салынып отырды. Мұның бәрі байқауға қатысушыларды ынталандырумен қатар, қалың көрерменнің шынайы ықыласын туғызды.  Заманауи құрылғылармен жабдықталған телеарна қызметі эфир таратуда өзінің зор мүмкіндіктерге ие екендігін осылайша  тағы бір дәлелдеді.   Шығармашылық ұжымның мұндай белсенді әрі тың бастамалары талай жұртқа үлгі болып,  ел – жұрт   арна    қызметкерлерінің шын шеберлігіне  тәнті болды.   5 маусым күнгі облыста өткен іріктеу сынына  қазылық еткен құрамға да көрермендер тарапынан күманнан гөрі шын ықылас арта түскені де анық. Олай болатын да себебі бар. Өйткені,   қазылар құрамында қоғам қайраткерлері мен  төл   өнерден  мейлінше  хабары бар нағыз мәдениет майталмандары болды. Атап айтқанда,   жазушы, «Алаш» әдеби  және «Түркі әлеміне қызметі үшін» Халықаралық сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген  қайраткері, ОҚО Құрметті азаматы Мархабат Байғұт қазылар алқасының төрағасы болса, ал   «Ońtústik» телеарнасының директоры  Бауыржан   Бердімұратов, күйші-композитор, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директорының міндетін атқарушы Нұрсат  Бейсеқожаев, республикалық байқаулардың лауреаты, дәстүрлі әнші Кенжебай  Шал және  республикалық байқаулардың лауреаты, әнші, термешіЖақып  Спатаев сынды   танымал өнер тарландары  қазылар алқасының мүшесі болып, қызмет жасады. 

Сонымен, «MEN QAZAQPYN» республикалық мега-жобасына Оңтүстік Қазақстан облысы атынан бәйгеге түсетін өнерпаздар есімдері белгілі болды. Олар:  дәстүрлі ән өнері бойынша –Оразәлі Жаңабаев / Созақ ауданы/, терме жанры бойынша – Руслан Ахимбеков /Отырар ауданы/  күй жанры  бойынша  - Шыңғыс Исаев / Мақтарал ауданы/.

Міне, миллиондардың арасынан суырылып шыққан үш өнерпаз ендігі жерде  қаласы да, даласы да миллиондарға толған  Оңтүстік жұртының намысын қорғайтын болады.  Мұны  төраға Марахабат Байғұт ағамызша түйіндесек, бұл үш жігіт аймақтағы үш миллион жұрттың, яғни, әрқайсысы бір – бір миллион  халықтың үмітін арқалап Астанаға аттанбақ.  Ендігі сын сол өнерпаздар  мен  оларды баптайтын ұстаздарында және   биіктегі билік иелерінде болмақ.  Ал қалың жұрттың тілеуі қашан да ақ екені онсыз да белгілі.   Қорыта айтқанда, қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі  - ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп, көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналған мұрамызды насихаттауды мақсат етіп қойған мега-жоба «QAZAQSTAN» ұлттық арнасының басты бағдарламасына айналды.  Міне, соның нәтижесінде кейінгі уақытта аздап кенжелеп қалған   дәстүрлі ән мен күй және терме жанрын  қамтыған  төл өнеріміз -  бүгінде қайтадан  төрге оза бастады.    Жақсы бастама әрдайым жалғасын тауып, осы  өнерге қызыққан жұрт та көбейсін, оны қуған ұрпақ та көп болсын! 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...