ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

ОТАНДЫҚ ТУРИЗМДІ КИНОИНДУСТРИЯ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ

12:23, 17 шілде 2018

Отандық туризмді киноиндустрия арқылы да дамытуға болады. АҚШ Дисней, Голливудымен, Үндістан Болливудымен аты мәшһүр болып танылған. Сол сияқты, Қазақстанның тұмса тамаша табиғатты жерлерін... киноөнімдеріміз арқылы жарнамалауға болады. Мемлекет басшысының Бурабай сапарында айтқан туризмді дамыту туралы ойына облыс режиссерлері осындай пікір қосады.

Интернет көз ілеспес жылдамдықпен дамығанымен... көрермен төрдегі көкжәшіктен алыстай қойған жоқ. Сол себепті, осы бір сәтті тиімді пайдаланып, Қазақстан-ғажапстан туралы тамаша дүниелер түсіруге болады, - дейді өңіріміздің белді режиссерлері. Олардың пайымынша, 1923 жылы пайда болған «Голливудлэнд» деген қарапайым атау... 1 жарым жылдық жарнаманың арқасында... әлем киноиндустриясының отанына, туризм орталығына айналды. Осыны ескергендер Отырар төбе, Түркістанды да солай ұлықтамақшы.

Кино – мықты идеология құралы. Шебер актерлер ойнаған туынды қай кезде болмасын, жоғары бағаға ие. «Сақ» киностудиясы түсірген «Қажымұқан» анимациялық фильмі... қазақтың қайсар рухты ұлт екенін аңғартса, «Киелі Қазығұрты» қасиетті мекендер жұрты екенін сездіртеді. Ел тарихының түп-тамырын да тереңге бойлатады. «Отырарды қорғау»... Мультфильм... өжет рухты ұлттың... қаһарман қалаға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін асқақтады.  

«Қазақстанның Швейцариясы» ретінде ел Бурабайды таныса, көне Афины, ежелгі Константинополі ретінде Түркістанды, Отырарды білгені абзал. Отандық кинода сүбелі үлесі бар шығармашылық топ... осы мүдде жолында еңбек ете бермек. Бұл патриоттар үшін... бүгінде меже айқын. Қазақстанның ең әлеуетті деген 10 туристік жобасы болса, соның бірі – Түркістанды түлету, көне қаланың әлеуетін сан-салада көрсету. Иә, Түркістан – бұл топтың да жанына жақын, жүрегіне ыстық.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                                                                

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар