ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ ТАЯУ ЖЫЛДАРЫ ТАРИХИ КЕЛБЕТІНЕ ЕНЕДІ

16:10, 16 шілде 2018

Түркістан облысын тарихи туризм аймағына айналдыруға мүмкіндіктер жетерлік. Талай ғасырдың көз куәсі болған көне нысандарды қайта жаңғыртса, түстікке келетін туристердің қатары артады. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Отырар ауданына жасаған сапарында осы мәселені қозғады. «Отырартөбе - қала жұрты» тарихи орнының маңын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарымен танысты.

Отырар өлкесін тану үшін Шыңғыс ханның шабуылынан бергі деректерді білу аздық етеді. Оның тарихын тереңінен зерттеу керек. Қорыққа келген ғалымдар Фараб даласы Отырармен шектелмейтінін жеткізді. Бұл өлке ғылым-білімнің ордасына айналып, көптеген қалалардың түп тамыры болған. 

Отырартөбені аралаған облыс әкімі бұл жерді ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру керектігін қадап айтты. Жаңғырту жұмыстарын көріп, әлі де жетілдіру керектігін ескертті. Отырар ауданын Түркістан облысындағы түризмнің дамуына оң ықпал ететін аймаққа айналдыру мәселесін алға тартты.

Өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы Отырар алқабының тарихынан сыр шерткен «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің де тынысымен танысты. Жақында ғана күрделі жөндеуден өткен экспозиция залының жай-күйін бағамдады.

Экспозиция залында  жаңа технологияларды  игілікке айналдыру қолға алынған. Электронды кітаптар арқылы келушілер тың мағлұмат ала алады.  Жаңа жобалар  көрерменнің қызығушылығын арттырып отыр, –дейді музейдегі қызметкерлер.  Бүгінге дейін қорық-музейдің экспозиция залын 5264 адам тамашалап, келушілер қатары артқан.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...