ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

«САМҒАУ – 2018» БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

15:56, 8 маусым 2018

Шымкентте жас кинорежиссерлердің байқауы басталды. «Самғау-2018» сайысының өтуіне қалалық жастар ресурстық орталығы мұрындық болып отыр.

Жас кинорежиссерлердің шығармашылығын дамытуға дем беретін сайыс 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында өрбиді. Өтінімдер 1-ші шілдеге дейін қабылданады. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған дода жеңімпаздарының бейнематериалдары... шілденің 5-інен бастап, көгілдір экраннан көрсетіледі.  Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған байқаудың бір ерекшелігі – бұрын жарияланып қойған туынды авторлары да қатыса алады. Бұл өз кезегінде тасада қалған мамандарды танытуға мүмкіндік бермек. Сайыс шартына сай, «үздік режиссер», «үздік актер» және «үздік сценарист» номанциялары да қарастырылған. Көп ішінде топ жарғандарға 500 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Үздік деп танылған туынды авторларын Республикалық байқау күтеді.

Береке Дүйсебеков – Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры

Негізгі мақсат елімізде киноиндустрия саласын дамыту болып табылады. Қатысушыларға үлкен талаптар қойып отырмыз.

П.Биназарқызы 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...