ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

«САМҒАУ - 2018» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

18:33, 16 шілде 2018

Шымкентте «САМҒАУ - 2018» кинофестивалінің үздіктері анықталды. Екінші рет шымылдығын түрген кинофестивальді... «Жастар ресурстық орталығы»... Астананың 20 жылдығына арнады.

Байқауға 40-тан астам фильм ұсынылған. Оның ішінен 20-сы іріктеліп алынды. Талғамы жоғары қазылар «Элюзия», «CEITNOT», «Мейірім аңсағандар», «Инстинкт», «Балық сорпа», «105», «Анама», «Қараөткел» және «Отау» сынды туындыларға жоғары бағасын берді. Дарынды жастарды қолдап, оларды халық арасында танытуды мақсат тұтқан қысқаметражды фильмдер фестиваліне... аудан, қалалардан талантты, болашақ киножұлдыздарымыз қатысты. Нәтижесінде ІІІ орынды «СТОП»  бейнефильмінің режиссері Хамит Муталиев, ІІ орынды «Дос» фильмін түсірген Олжас Омаров иеленді. Ал, І орын «Балық сорпа» бейнефильмінің режиссері Әлішер Жәдігеровке бұйырды. Бас жүлдеге «Анама» бейнефильмінің режиссері Жандос Бабаханов лайық деп танылды. Үздік фильм режиссерлары мен үздік номинация иегерлерін облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр марапаттап, арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтарды  табыс етті. 

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                                                                       

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...