ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ШАХАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ

20:00, 5 шілде 2018

Халық жанашыры, сан қырлы талант иесі, қара өлеңнің королі Мұхтар Шаханов есімімен... туған жері Отырарда... шығармашалық үйі ашылды. Адуынды ақынның шығармалары дүниежүзінің 100-ден астам тіліне аударылғанын, өзге мемлекеттерде де абыройы асқақ, беделі биік екенін ескерсек, бұл - жерлестері тарапынан үлкен құрмет. Еске салсақ, бірегей ақын биыл - 76 жаста. Шілік ауылында бой тіктеген екі қабатты әсем ғимарат тойдың тамаша тартуы болып отыр.

Мұхтар Шаханов – от ауызды, орақ тілді қайсар ақын. Қара өлеңнің қаймағын тамызып, жүрегі елім деп соққан арда азамат.  Кешеден бүгінге дейін.... қара халықтың қамын жеп, мәдени, әдеби рухымызды насихаттауға атсалысып жүр. Елдегі өзекті мәселелерді жырымен қаузайтын тіл жанашырының шығармашылық үйінің ашылу салтанатына жерлестері мен жан-жақтан қонақтар келіп, қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың ақын ағасына деген ыстық ықыласқа толы құттықтауын жеткізді. Иығына зерлі шапан жауып, сый-сияпатын тапсырды.

Ақын шығармашылығына арналған ғимарат белгілі меценат Серікжан Сейітжановтың демеушілігімен бой көтерген. Ақын... өнерсүйер қауымға өнегелі өмірінен естеліктер айтты. Ал, оның талантына бас иетін өнерпаздар... туған күнімен құттықтап, жаһұт жырларынан шашу шашты.

Ғимарат іші ақынның балалық шағынан бүгінге дейінгі өмір жолы туралы деректермен, естелік суреттер, маңызды құжаттармен толықтырылған. Шығармашылықпен айналысатын жұмыс сыныптары, кітапхана, демалыс және қонақ қабылдайтын бөлмелер заман талабына сай жабдықталған. Келгендер... ақынның «Отырар дастаны» шығармасы желісінде түсірілген анимациялық фильмді тамашалады.

М.ӘСЕМБЕК                                                                

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...