ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ФИЛАРМОНИЯ ҰЖЫМЫ ТЫҢ ЖОБА БАСТАДЫ

16:47, 13 ақпан 2018

Облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы ұлттық музыка өнерін насихаттау мақсатында тың жобаны қолға алды. Ол «Тұғыры биік өнерім» деп аталады. Ұлттық өнердің бойына қан жүгіртуді көздеген шара жыл бойына жалғасады. Және оның жаңашылдығы да көп.

Облыстық филармония дайындаған концерт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдауға бағытталған. Өнер ұжымы репертуардағы әндерді табиғи дауыста, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды. Ондағы мақсат - шығармаларға қазақы нақыш бере отырып, домбыра мен қобыз шанағынан шерлі де, сырлы саз шығатынын өскелең ұрпаққа ұғындыру.  

Нұрсат Бейсехожаев - Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директоры

Бұл бүгінгі концертпен аяқталмайды. Жыл бойы үлкен аудандарды, облыстарды, басқа да облыстар мен шетелге осы бағдарламалық концерттерімізді апарамыз. Концерттің мақсаты толыққанды жанды дауыста өтеді. Кез-келген жерде бәсекеге түсе алатынын көрсете алу қажет.

Халықты өткенімен қауыштыратын жоба тек музыкалық бағытпен шектелмейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, салтанатты кештерде ұлттық салт-дәстүр жауһарлары да дәріптеледі.  

Гүлбала Абуова – Ш.Қалдаяқов облыстық филармонияның концерт жүргізушісі

Ең бірінші бастау алып жатқан біз облыстық Ш.Қалдаяқоав атындағы филармониясы  Енді рухани жаңғыруды жаңа айтып жатырмыз Абайдан бастау керекпіз деп. Көне ескірген өзіміздің қанымызда, бойымызда бар қасиеттерді жоғалтып алдық. Ендігі жастарды қазақи тәрбиеде тәрбиеленсін деген мақсат қой.

Бұл бастаманы қала тұрғындары да құптап отыр. Олардың айтуынша, эстрадалық әуендерге ұлттық аспаптардың үнін қосу жастарды даңғаза музыкадан алшақтатады.

Ұлттық аспаптарды ұлықтап,  салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған жоба аясында жыл соңына дейін 10-ға жуық түрлі шаралар ұйымдастырылады. Және ол облыс аумағын қамтиды.  

НҰРАЙЫМ Шахимерген

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
13:04, 23 қазан 2018
ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:53, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
15:03, 16 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
Толығырақ...
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
19:30, 14 қаңтар 2019
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
Толығырақ...