ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Шымкентте – арыстандар шоуы!

14:10, 17 шілде 2017

Миллиондар қаласына ерекше цирк ұжымы келді. Алты арыстан, бір жолбарысынан бірнеше мәрте жарақат алған Египет ханзадасы таң-тамаша өнер көрсетеді. Айбынды аң патшалары мен қос аюды қандай әрекетпен жылы бағындыруға болады?

«Оңтүстік цирк» мекемесіне келген балалар бұл күні керемет кештің куәсі болып, қызыққа қарық болды. Сүйкімді қонжықтар оңтүстік жұртын таң-тамаша етсе, сайқымазақтар балғындар жүзіне күлкі үйірді. Әсіресе, мына қолға үйретілген арыстандар көпшілікті өнерімен тәнті етуде.

Бүгінгі алты арыстан, бір жолбарыстың иесі – Египет ханзадасы Хамада Кута. Тегі араб жігіттің  Мысырдағы үйінде 48 арыстан, 15 жолбарыс үйретіледі. Шымкентке жол қиындығын көтере алатын үздіктері әкелінген. Алтаудың мінезі  әр алуан.  Бірі - жауапты. Бұйрықты айнытпай орындайды.  Ал, бірі - шәлкес. Қырсық мінезімен шеңберді бұзып шығардай айбат шегеді.

Қойылымның басты кейіпкерлері ду-қол шапалаққа ерекше елітеді. Тумысына тән тарпаң мінезді де осы ілтипат жеңеді. Айрықша құрметті жүректі  һәм білекті акробаттарға көрсетуге болады.

Қолға үйретілген қонжықтар да балғындардың қызығушылығын тудырды. Сүйкімді аюдың балалары келбеті келістіге мейірімі ерекше. Өзіне жақын тартып, балғындармен ойнап, көңілін аулауда.

Египет ханзадасының арыстандармен шоуын ерекше оқытуды қажет ететін 300 бала тегін тамашалады. Өнер ұжымы қайырымдылыққа келгенде аянып қалған жоқ. Мысырлық цирк майталмандарының ғажап қойылымын  тамыздың соңына дейін әр сенбі мен  жексенбіде көруге шақырамыз! 

ДИДАР Өмірзақова          

Тақырып бойынша материалдар

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы
21:20, 20 қыркүйек 2017
«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы
Толығырақ...
«Дунаевский фантазиясы» Шымкентке келді
21:14, 20 қыркүйек 2017
«Дунаевский фантазиясы» Шымкентке келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
16:10, 18 қыркүйек 2017
ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
Толығырақ...
Шымкентте салынатын құрылыс нысандарының жоспары таныстырылды
17:40, 14 қыркүйек 2017
Шымкентте салынатын құрылыс нысандарының жоспары таныстырылд...
Толығырақ...
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
21:37, 18 қыркүйек 2017
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
Толығырақ...