ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ТАҢБАЛЫ ТАС ЕСКЕРТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ ІСІ ҚАРҚЫН АЛДЫ

18:41, 5 маусым 2018

Созақта Таңбалы тас ескерткіштерін кешенді зерттеу жұмыстары қарқын алды. Елімізге белгілі археолог-тарихшылар аудан басшылығының қабылдауында болып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Айту керек, экспедиция бір жарым айға созылады. Мұндағы басты мақсат – ілгері заманнан келе жатқан қасиетті таңбаларды зерттеп, өткеннен өнеге түйдіру. Қасиетті қазақ даласының тарихы тереңде екеніне көз жеткізу.

Таңбалы тас – ұлт тарихының өшпес мұрасы. Қазақ даласының әр аймағында оның көптеген түрлері орналасқан. Солардың бірі – аудан орталығынан 400 шақырымдай Бетпақдалада, теріскей тұсқа тоқтайтын Сарысу өзенінің бойында. Онда қазақ руларының таңбасы сақталған. Бұл балбал тастарды кезінде Әлкей Марғұлан арнайы келіп, зерттеген.

Сағымбай Мұрғабаев – археолог

- 2013-14 жылдары барлау жұмыстары кезінде танысып кеткенбіз, ал қазір Елбасының рухани жаңғыру мақаласы аясында толық дала жұмыстарын жүргіземіз.

Ұшан дала төсінде тарихымыздан қалған «Таңбалы тас» таңғажайып жәдігерге жатады. Әр дәуірде өмір сүрген қазақ хандары мен билері мұнда бас қосып, ақылдасып кеңес құрған. Әз тұтынып, тәу ететін киелі, бойтұмары болған орын «Таңбалы тасқа» бүгінде ерекше қамқорлық қажет, - дейді археолог-маман.

Қасиетті «Таңбалы тас» - бабаларымыздың ұлтты қалыптастыру жолында қажымай күрескен санғасырлық ерлік ісінің жемісі. Олардың рухын мәңгі қастерлеу, мұрасына бекем болу – келешек ұрпақтың қасиетті борышы.  

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...