ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

ТАРИХТАН СЫР ШЕРТКЕН КӨРМЕ

18:24, 19 маусым 2018

Көркем көріністің мекеніне айналған облыстық көрме орталығы бұл жолы тарих терең сыр шертті. «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы, киелі орындары» атты көрме ұйымдастырылды. Тарих тұңғиығынан шыққан жәдігерлер, жиналған жұртшылықты құндылығымен баурап алды.

Көрме бұл жолы бұрынғыдан да көрікті болды. Өйткені  орталық халқымыздың байырғы болмысы мен берекелі өмірін паш ететін құнды жәдігерлерге толы. Жиналған жұртшылық керемет көріністі тамашалап6 ерекше әсерге бөленді. Ата-баба рухына бас иіп тағзым етті.

Оңтүстік өңірінде киелі жерлер көп. Қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауй, Ибрагим  ата, Қарашаш ана  секілді кесенелер осы аймақта орналасқан. Өзге де әулиелі жерлер жетерлік. Әрқайсысының ерекше қасиеттері бар. Түркістанда - Түменбаб, Сайрамда – бар сансыз баб, Отырарда-  отыз баб...  Жұртшылық  дертіне дауа іздеп, осындай киелі орындарға ағылып жатады.

Айта кету керек. Бүгінде облысымызда тарихи маңызы бар 1281 тарихи ескерткіш есепке алынған. ЮНЕСКО тізіміне енгізілуге ұсынылған Қазақстандағы 23 ескерткіштің 8-і түстік өңірге тиесілі. Олар еліміздегі киелі жерлер географиясына енген. Бұдан бөлек, осы Жоба негізінде 20 киелі орынның тізімі нақтыланып, ұсынылды. Ол «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту кластіріне» еніп, өңірдегі туризмді дамытуға лайықты үлесін қоспақ.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ                                       

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...