ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

«ТҰЛҒАТАНУ» - ТАМЫРҒА БОЙЛАП, ТАРИХҚА ОРАЛУ

12:41, 24 шілде 2018

«Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр». Елбасымыздың осы сөзін ту еткен түстік ғалымдары... тарихымызды қайта жаңғыртуға ниетті. Келелі істер мен жарқын жобалар басында... профессор, доцент Аюбай Құраловтың еңбегі тұратыны анық. Қазақ зиялылары мен маңдайалды перзенттерінің... өмір дерегін.., еңбек жолын терең зерттеп-зерделеген ол... «Тұлғатану» кітабын жарыққа шығарды.

«Тұлғатану»... Ғалым осы туындыны... ұлы дала ұландары... пайымдап, оқыса, өнеге тоқыса, ғибраты мол еді, - дейді. Жасыратыны жоқ, қазір қазақ отбасы рухани құнды кітапты смартфонға, ал, ошақ басындағы әңгімені... сериалға айырбастаған. Осы орайда ғалым 10 адамның қайратын талап етер жұмысты жалғыз өзі жасап шықты. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы көп көмегін тигізді, - дейді идея авторы.

Аюбай Құралов – Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетінің доценті

Бүгін өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың бәрін ұмыта бастадық. Соны жаңғыртуға мүмкіндік туып отыр. Президентіміз «100 есім»  деп айтып кетті, есім деген тұлға деп ойлаймын.

Этнолог ғалым бұл еңбекке 30 жылдық маңдай терін сарп еткен. Профессордың айтуы бойынша осы уақытқа дейін мұндай толық форматта жоба болмаған. Себебі, бұл жұмыс үлкен жігер мен ізденісті талап етеді. Аталмыш туындыда қазақ хандарынан бастап, қазіргі күннің ғалымдарына дейінгі ақпарат толық қамтылған.

Кітапты жазып шығу үшін көне энциклопедиялар мен баспасөз беттерін ақтаруға тура келген. Өйткені, тұлғаларымыздың суреті көп жағдайда сақталмаған. Ал, ғалым... ел тарихын түгендеу – бүгінге дерек, ұрпаққа түбінде керек екенін ескеріп, аянбады. Тұлғатану - тамырға бойлау, тарихқа оралу деп білді.  

А. МАХАШОВА                                                        

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...