ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ

13:04, 23 қазан 2018

Түбі бір түркі елдерінің ежелгі тарихы ортақ түрік тілінде таңбалануы мүмкін. Шымкентте бас қосқан бауырлас елдердің зиялы қауымы осындай байламға келді. Игі бастаманы жергілікті жазушылар да қолдап отыр.

4 күнге жоспарланған форумның негізгі мақсаты – бауырлас мемлекеттердің байланысын нығайту. Ортақ таихты негізгі ала отырып, мәдениет мен әдебиеттің озық үлгісін қалыптастыру.

Нұрлыбек Жұматаев – «Silk way» Халықаралық университетінің проректоры

Бұл бастама Елбасының «Болашақққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында мынау Қоғамдық сананы жаңғырту бағытында қолға алынып отыр. Мынау түркі халықтарының байланысы басты міндет. Бұл келешек ұрпаққа өнеге болмақ.

Момбек Әбдіәкім – Шымкент қалалық  жазушылар ұйымының төрағасы

Бұрынғы совет одағына қараған мемлекеттер өзі тілдері бұралып, жан-жаққа ойысып кеткен. Олар бір ортаға тоғысу керек. түрік жазушылары қазір бізге түрікше кітап жазуға, тарих жазуға ұсыныс білдіріп отыр. Әрине, біз қуана келісеміз.

Түрік халықтарының рухани байланысы – бауырлас елдердің болашағы. Осыны ерекше назарға алған шетелдік жазушы-профессорлары жергілікті зиялы қауымның бастамасына алғыстарын білдірді.

Саламат Майлыбаева –  жазушы /Дағыстан/

Біз ұзақ уақыт Совет Одағында өмір сүрген мемлекеттерміз. Соның әсері болса керек, қазір көбіміз орыс тілді болып барамыз. Бұл кейінгі ұрпақ үшін қасірет. Бұл – аға буынға, яғни біздерге сын. Біз міні осының алдын алғымыз келеді.

Форумға 17 мемлекеттен 40-қа тарта жазушы келді. Ортақ мүдде, ортақ бастама тоғыстырғандар шығармаларымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Нихат Буйикбаш –  жазушы /Түркия /

Бізде ортақ тіл, ортақ мәдениет болуы тиіс. Біз бір-бірімізді осы құндылықтарымыз арқылы жақын тарта білуіміз керек. қаза пен түрік тіл жағынан бірін-бірі түсіне береді, бірақ, сөйлесе алмайтынымыз өкінішті. Міні осының алдын алып, істеп жатқан жұмыстарыңызға алғысымды білдіремін.

Форумның екінші күнінде қонақтар Түркістан қаласындағы тарихы орындармен таныспақ.  Сөйтіп, салт-дәстүрдің салты бұзылмаған аймақтың мәдениетіне қанығып, ортақ шешімге келуді көздеп отыр.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...