ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

Түркі тілдес елдер өзара достығын мәдениетімен көрсетті

13:19, 4 қазан 2017

Шымкентте түркітілдес елдердің ынтымақтастық мерекесі атап өтілді. «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған шараға бауырлас мемлекеттердің өнер иелері қатысты.

      Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесі экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы байланысты нығайту идеясымен 2009 жылы 3 қазан күні Нахичевань қаласында 4 мемлекеттің қол қоюымен құрылған болатын. Сөйтіп, ең алғаш рет 2011 жылы біздің мемлекетімізде, Алматы қаласында тойланды.

Ұласбек Сәдібеков – облыс әкімінің орынбасары

  • Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңірімізге қош келдіңіздер. Қазақта сөз бар, төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді,-деген. Міне осы орайда түркеі мемлекеттерінің ынтымақтастығын насихаттайтын шараның маңызы зор. Баршаңызды облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың атынан ынтымақтастық күнімен құттықтаймын.

       Ынтымақтастық басқосуына Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Саха, Тыва Республикаларынан арнайы делегациялар келді. Олар достық өнерін паш етті. Мақсат біреу – ұлттық татулықты сақтап, мәдени жаңаруда түбі бір түркі мемлекеттерінің дәстүрін дәріптеу.

Асқар Тұрғанбаев – ТҮРКІСОЙ-дағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі

  • Бұл шара Түркі мемлекеттерінің арасында бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Қарап отырсақ, ұлттардың аспаптары да, өнері мәдениеті бәрі ұқсас келеді. Бұд дегеніміз, шынымен-пқ, біздің түбіміз бір, бағытымыз достық екенін аңғартады.

       Айтып өтейік, түркітілдес мемлекеттерден келген көркемөнер ұжымдары мен әншілер Түркістан қаласында айтулы датаға орай, мерекелік концерт қойған болатын. Қасиетті мекенде бастау алған шара шымкенттіктердің де жүрегіне жол тапты.

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
13:04, 23 қазан 2018
ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:53, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕМІРЛАНДА  «ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫ АРТТЫ
12:29, 11 желтоқсан 2018
ТЕМІРЛАНДА «ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫ АРТТЫ
Толығырақ...
ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ
18:26, 10 желтоқсан 2018
ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...