ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОАУЫЛ АШЫЛДЫ

13:26, 20 маусым 2018

Ер түріктің бесігі, екі дүние есігі - Түркістанды туризм орталығына айналдыру жұмыстары қазірдің өзінде қарқын алған. Атап айтқанда, қалаға келген қонақтарға қазақ елінің болмысын жан-жақты таныту үшін шаһар орталығында этноауыл ашылды. Ол жерге барған қонақ... қазақы киіз үйге бас сұғып, ұлттық тағамдардан дәм тата алады. Сонымен қатар, еліміздің салт-дәстүрлерімен де танысуға мүмкіндігі бар.

Бұл этноауылға аяқ басқан азамат қазақы салттан сусындап, әдет-ғұрыпты игеріп шығады. Мұнда келушілерге бірнеше маман сапалы қызмет көрсетеді. Оның бірі халық ауыз әдебиеті жайлы мағлұмат берсе, екіншісі салт дәстүрден сыр түйдіреді. Сонымен қатар, бұл мекенде тәулік бойы кітап және қолөнер бұйымдарының көрмесі жұмыс істейді. Ал, қазақтың сүрленген етін жеп, қымыз бен шұбаттың дәмін татқысы келгендер болса, ақшаңқанкиіз үйлердің есігі ашық.

Айғаным Серімова – киіз үйдің иесі

Жалпы, біздің мақсатымыз - халықтың құндылықтарын ұрпақ бойына сіңіру. Олардың жалпы салт-дәстүрлерді білуіне және қазақтың ұлттық тағамдарының бар екендіктеріне көз жеткізу.

Түркістанды туризм орталығына айналдыру ісі Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес арнайы жоспармен іске асуда. 6  бағыттан тұратын бастама ұлттық бірегейлікті сақтауға негізделген. Этноауылда қазақы салттың салтанат құруы да - соған дәлел.

Жанболат Ибрагимов – Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Туризм тек бір бағытта ғана тарихи ескерткіштен тұрмайды. Салт-дәстүрден, ұлттық жөн-жоралғыларымыздан және халық ауыз әдебиеті де туризмнің тармақтары болып есептеледі.

Қала орталығында еңсе тіктеген этноауыл әзірге жалғыз. Егер келушілер көбейіп жатса, қазақы салтты насихаттайтын орталықтың саны арта түспек.

М. АЙТЖАНОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...