ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

Ұлт ұстыны-отбасылық құндылықтар

13:49, 4 қазан 2017

Елбасының соңғы мақаласында ұлт ұлдарын дәріптеуді ерекше айтқан. Осыны ескерген түркістандық бір топ еріктілер жерлестерін ерекше әспеттеді. Қаланың құрметті азаматы, өмірі үлгі болған Әбдібек қажы Абылайұлының өмірі мен өнегесін арнайы конференцияда кеңінен айтты.

       Түркістанға қарасты  Абай ауылында дүниеге келген Әбдібек қажы Абылайұы жары Ұлпатша Әмірбекқызымен отау құрғанына 62 жыл. Түркістанға алыс-жақын қалалардан келген ғалым-ұстаздар ел ағасының мерейлі отбасын насихаттауға бағытталған конференцияда бас қосты. Оның негізі – Елбасы мақаласымен ұштасады.

Өмірзақ Озғанбаев – ҚР ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің бірінші орынбасары

  • Бұл той жай ғана той емес, бұл тойдың үлкен мәні бар той. Осыған оралар болсақ, біздің қасиетті құранның Исра сүресінде де осы отбасы туралы кеңінен айтылған. Ата-анаға сыйластықпен қарау жайлы, соны ешуақытта ұмытпайымыз керек. Оның үлкен мәні бар әңгіме

       Басқосуда ел ағасының ерліктері айтылды. 10 перзентті салихалы тәрбиелеп, өмір ағысына қосқанын азаматтыққа балады. Қасиетті мекенде өмір сүріп, көптің ықыласына бөленген ардақ жанның табандылығы мен ержүректігі ерекше айтылды.

Қасымхан Бегманов – ақын

  • Осы ұлттық код жөнінде, рухани жаңғыру жөнінде үлкен бағдарлама қабылданды. Осыған байланысты бүгінгі гауһар тойымыз осы бағдарламамен ұштасып жатыр. Перзенттік парыз жөніндегі әңгіме. Біздің санамыздың түүбінде бұрын ұмыт қалған.

       Әбдібек қажы Абылайұлы 1992 жылы зейнетке шыққан соң, «Ақтөбе» шаруа қожалығын ашқан.  Еселі еңбек зая кетпеді. Ширек ғасырдан бері сол шаруашылық аяққа тұрып, мал басы көбейді. Бірнеше отбасыға жұмыс тауып беріп, елге еңбегімен танылып отыр. Гауһар той қарсаңында ыстық ықыласын жолдаған ғарышкер Айдын Айымбетов те дәл осы абыз ақсақалдың батасын алған.

Бағым Көптілеуова – Астаналық қонақ

  • Елбасы мақаласында айтылды, отбасылық құндылық. Бұл ең асыл қасиет. Отбасымызды, барымызды бағалай білгеніміз абзал. Біз осы тұрғыдан алғанда осы отбасына\ы мерейлі, көпкке үлгі боларлық әулет деп айтуға болады.

       Отбасылық құндылықты берік ұстай білген отбасы түркістандықтар мақтан тұтады. Жастарға үлгі етеді. Дінге діңгегі бекем, өнер мен әдебиеттен нәралған, еңбекті ұран, бірлікті ту еткен әулеттің ауылда бәйтерегі биік, абыройы асқақ.

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
13:04, 23 қазан 2018
ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛМАҚ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:53, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІ ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...