ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

13:36, 2 шілде 2018

Ал, қазығұрттықтар Ұлттық домбыра күніне арналған шараны Астананың 20 жылдық мерейтойымен сабақтастырды. 90-ға тарта домбырашы... қазақтың төкпе, шертпе күйлерін бір ырғақта шебер орындады.

Аудан орталығындағы орталық алаңда өткен кешке саз мектебінің және ауыл-аймақтан жиналған әуесқой күйшілер әр берді. Олар «Балбырауым» мен «Көңіл ашарды», «Аққу» мен «Сарыарқаны» шынайы патриоттықпен орындады. Қатысқандар «күй даңқы асқақтағанда бойымызды мақтаныш сезімі кернеді», - деп, ағынан ақтарылды. Қазығұрттағы мерекелік шарада  аудандық аурухана ұжымы да жоғары белсенділік танытты. Дәрігерлер осы күні өмірге келген сәбилердің ата-аналарына құрмет көрсетіп, арнайы тарту жасады. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, мереке қарасаңында ауданда 4 сәби дүние есігін ашқан. Соның бірі Тағаевтар әулетінде дүниеге келді. Сәбиге азан шақырылып, Айжан деп, ат қойылды. Ұлттық Домбыра мерекесі күні дүниеге келген Айжанның ата-анасына... аурухана ұжымы «болашақта Дина апасындай дәулескер күйші болсын» деген ниетпен екі ішекті аспапты сыйға тартты. Жалпы, мерекені жоғары деңгейде атап өту ұлттық өнерге деген ұлы құрмет екені даусыз.  

Ұ. Ағман


 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...