ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ЯССАУИ ІЛІМІ – ТҮРКІ ЖҰРТЫНА ОРТАҚ ҚАЗЫНА

14:42, 27 маусым 2018

Қожа Ахмет Ясауи ілімі - түбі бір түркі халқының ортақ байлығы. Оның дүниетанымы бүкіл мұсылман елдерін бірлікке бастайды, - дейді өңірге келген Иран елінің ғалымдары. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған жиында Ясауи ілімі әңгімеге арқау болды.

Ясауи ілімі ең алдымен,  рухани-моральдық ілім. Яғни, хал ілімі. Қазақ халқының діни - ислами түсінігі Ясауи ілімінің аясында қалыптасқан. Ұлы Тұран даласында туылған ғалымның еңбегі исі мұсылман қауымын тәнті етіп  отыр.

Ясауитану ілімі - қазақтану, түркістантану. Елімізден шыққан ұлы тұлғаны насихаттау арқылы ұлтымыздың тектілігін танытамыз, - дейді ұйымдастырушылар.  

Жиынға келген ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи еңбектері жайында баяндама оқыды. Тарихшылар ғұламаның өмірінен дәйекті  деректер келтіріп, Ясауи ұлттың ұстыны екенін жеткізді.

К. ДҮЙСЕНБІ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...