ШҰҒЫЛ! ХҚКО САБЫЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ Толығырақ

ЖАС АҚЫНДАР ЖАРЫСЫ

16:27, 22 маусым 2018

«Ел жүрегі – Астана». Осындай атаумен Шымкентте Астананың 20 жылдығына орай жас ақындар сайысы болып өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнер майталмандары Батырбек Өтеп атындағы өнер мектебінде бақ сынасты. Патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында өткен шараға облыстық «Нұр Отан» партиясы мұрындық болды.

Айтыс – ұлттық болмысты ұлықтайтын ұлы өнер. Бүгінгі аламан айтысқа 5 жұп қатысып отыр. Қатысушылар жұртшылыққа кестелі жыр, сүбелі сөз сайысын паш етті. Ал, зал толы жанкүйер ду қол шапалақпен оларға қолдау көрсетті. 

Сәкен Мәжінбеков – «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі

-Дүлдүл дода болғаннан кейін міндетті түрде жеңімпаз болады. Бас жүлдесі бар, 1 орны, 2 екінші орны, 3 үшінші орны бар. Жалпы жүлде қоры 500 мың тг тігілген жайы бар. Қатысушылар негізінен, жас мөлшеріне қарадық. Екіншіден, ақындық қабілетіне, үшіншіден, жаңадан шығып жатқан жас балалардың шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара.

Айтыс екі кезеңнен тұрды. Іріктеуде көп ұпай жинаған, әділқазылар лайық деп тапқан үміткерлер екінші сынға жіберілді. Бекжан Базарбектің барлық сында бағы жанды.  Ақтық айналымға шықты. Нәтижесінде жүлделі 1-орыннан көрінді.

Бекжан Базарбек – жеңімпаз

Азулы ақындарымыз айтпақшы, елді елдікке, бірлікке шақырамыз. Бүгінгі жастар арасында өткен жас ақындар сайысы өте белсенді әрі қызу түрде өтіп жатыр. Ақсақалды аталарымыз, ақ жаулықты аналарымыз келіп, өздері қолдау беріп, айтысқа деген көңілін бөліп отыр. Тақырып, осы Астанаға 20 жыл. Елордамыз, елдігіміз, бірлігіміз – сол Астанадан басталатындығы жайлы. Жалпы, осы жастар, әрбір ақын осы елдікті жырласа, біздің болашағымыз жарқын болады деп ойлаймын.

Жаңғырудың жарқын жолы – жастардың қолында. Демек, бұл айтыс өскелең ұрпақтың санасына ұлттық өнерді дәріптеуде тәрбие құралы болмақ.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...