ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Жас киногерлерге байқау жарияланды!

18:08, 11 мамыр 2017

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға қарасты Жастар ресурстық орталығы Конституция күніне орай жас режиссерлер арасында байқау жариялады. Өнер додасына 14-29 жас арасындағы шығармашыл жастар қатыса алады. Кино түсіруші мамандар 8 тақырып бойынша өз туындыларын ұсына алады. Бас жүлде - 500 мың теңге

Сайыстың басты мақсаты - дарынды талантты жастарды қолдау. Жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру. Байқауға облысымыздың барлық ауданынан кино түсіру ісін игерген режиссерлар қатыса алады. Басты шарт - қатысушының жасы 30-дан аспауы керек. Ұсынылған фильм қысқа метражды. Ұзақтығы 10 минуттан кем емес және 20 минуттан аспауы керек.

Береке Дүйсебеков - Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры

Бірінші мәселе - әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны. Бұдан бөлек, туризмді насихаттау. Өздеріңіз білесіз, оңтүстіктің табиғаты керемет. Туризм саласында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Бізде соны жастар арасында туристер арасында насихаттау мақсатында оны таныстырамыз. 

Патриотизм, спорт, салауатты өмір салты, отбасылық құндылықтарды насихаттау, жемқорлыққа қарсы бағыттағы және әлеуметтік тақырыпта болуы керек. Әрбір қатысушы бірнеше фильм ұсына алады. Жаңадан бастаушыларға техникалық көмек беру де қарастырылған.

Бақберген Асанбаев - Жоба үйлестірушісі

Аэросъемка керек болса, стэдикам керек болса, дыбыстан көмек керек болса, осы салада жұмыс істеп жүрген аға буын өкілдері Серік, Жәнібек, Нұрғисамен ақылдасып, көмек береміз дедік.

Үміткерлер бүгіннен бастап, маусымның 11-іне дейін өтініш бере алады. Дайын өнімді ұсыну тамыздың 11-іне дейін жалғасады. Бас жүлде иегері 500 мың теңге ұтса, бірінші орынға 400 мың, екінші орынға 300 мың, ал, үшінші орын  иегеріне 200 мың теңге беріледі. Бұдан бөлек, үздік актер мен актрисаға, үздік оператор мен монтаждаушыға да 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлықтары бар. Ендеше, бағыңызды сынап көріңіз! Толық мәліметті Жастар ресурстық орталығынан алуыңызға болады.

НҰРМАХАН Кенжехан                                                      

Тақырып бойынша материалдар

Жансейіт Түймебаев - анимациялық туындының авторы
16:56, 16 желтоқсан 2017
Жансейіт Түймебаев - анимациялық туындының авторы
Толығырақ...
Мемлекеттік қызметкерлерді мәдени-рухани дамыту керек
17:26, 14 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызметкерлерді мәдени-рухани дамыту керек
Толығырақ...
Үздіктерді Маржан Есжанова марапаттады
15:01, 14 желтоқсан 2017
Үздіктерді Маржан Есжанова марапаттады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...