ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖАС МУЗЫКАНТТАР ШЕРУІ

22:00, 5 маусым 2018

Созақта жас музыканттар шеруі болып өтті. Оған аудан мектептерінен 1000-нан аса белсенді жастар қатысты. Патриоттық, тәрбиелік мәні бар шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елордасы Астананың 20 жылдығына арналды. Озаттардың жетістігі паш етілген шара Қаратау тәжі – Кентауда да жалғасты.

Музыкалық шеруді алғашқы болып, Ахмет Жұбанов атындағы балалар саз мектебінің ұжымы бастады. Әсерлі әуен, көтеріңкі көңіл-күй мен қатысушылардың мерекелік киімдері алаңның ажарын аша түсті. Шеруде жүріп өткен өреңдер - аудандық, облыстық ғана емес, республикалық сайыстарда топ жарғандар. Балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруі былтыр елімізде алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Биыл сол үрдісті теріскей жастары жалғады. Салтанатты шеруге қатысқан өнерлі, дарынды оқушыларды аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтап, ұлттың қуатты рухы – халықтық музыкада, дәстүрлі ән-би өнерінде екенін айтты.

Музыкалық шерудің тамаша салтанаты... Кентауда да жалғасты. Кеншілер қаласының балалары... бұл рәсімді Астананың 20 жылдығына арнады.  «Ұлт аспаптары – халқымның тарихы, өткені», - деген 3000 өрен... өнердің өшпесі ізі барын көрсетті. Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы турасында тұшымды ой айтып, «Мәңгілік ел» идеясының мәнісін ұғуға шақырды.

Спикер: Әбдібақыт Мақұлбаев – Кентау қаласының әкімі

Қоғамды адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге бастау – балаларға барлық жағдайды жасаумен байланысты. Мерекелік шарада патриоттық әндер шырқалып, қалалық білім беру бөліміне қарасты мекемелердің жетістіктері аталып өтті.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...