ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

«Жыл жазушысы » анықталды

15:14, 7 желтоқсан 2017

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Кітап және қоғам» атты Х аймақтық форумын өткізді. Жиында оқырман назарына тағылымды ой айтылып, тартымды дүниелер ұсынылды. «Бір өлке-бір кітап - 2018» облыстық акциясы аясында «Жыл кітабы» таңдалды. Биылғы таңдау қай авторға түсті?

Былтыр Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ғылыми-әмбебап мекеме алғашқы оқырманын қабылдаған еді. Бір жыл ішінде құнды кітаптар санын молайтып, балалар бөлімін ашқан. Қазір мұнда 480 мың кітап қоры мен 1200-ден астам электронды оқулық бар. 3460 сирек кездесетін және арнайы қолтаңбасы бар материалдар рухани орда ішінен ашылған музейге қойылды.  Сайып келгенде, қазақтың бай мұрасын бір ортада тоғыстырып, ұрпақ оқып, ой түйетін  таңдаулы туындылар жинақталған.

Күлия Айдарбекова – «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры

Қазақ – сөздің қадірін білген халық. Қазақ тілі – ерекше тіл, әсем, көрнекті, сұлу тіл. Өкінішке орай, соңғы жылдары тіліміздің байлығын бағаламай, қорымыздан айырыла бастап едік. Міне, бүгін барлығы қайта қалпына келе бастады. «Отырар» кітапханасы өз миссиясын орындап жатыр.

Форумға келген кітапханашылар мен зиялы қауым өкілдері «Жыл таңдауын» жасады. Тағдыры қазақ тарихымен тамырлас 4 ақын-жазушының еңбегі мен өнегелі өмірін айтып, дауысқа салды. Оқырман қалам мен қызметті қатар ұстап, көркем аудармаларымен көпке үлгі болған әдебиет сыншысы Асқар Сүлейменовті «Жыл жазушысы» деп таныды. Көрнекті қаламгердің еңбегін жоғары бағалайтындар жаңа жылдан бастап, Сүлейменов болмысын зерделеп, оқырман қолына тимеген кітаптарын жинақтамақшы.  

Әмзе Қалмырза - ақын

Біз кейде өмірден өткен адамды насихаттаймыз. Оларға құран керек, дұға бағыштап, ас беру керек. ал, абырой, даңқ, атақ, құрмет тірі адамға жасалуы тиіс. Көзі тірісінде құрмет көрсету керек. Болашақта осыны ескерсе екен.

«ХХІ ғасыр – ғылым, білім және мәдениет ғасыры. Барлық білімнің қайнар бұлағы – кітап». Осыны ұстын еткен кітапхана ұжымының бір жылдық тойы - есеп беру кеші іспетті. Салтанатта ғасырлардан сыр шерткен кітаптар мен сурет көрмесі ұйымдастырылды. Баяндама оқылып, тарихи қойылымнан үзінді көрсетілді.

ШОЛПАН Пайзілдәқызы

Тақырып бойынша материалдар

Жансейіт Түймебаев - анимациялық туындының авторы
16:56, 16 желтоқсан 2017
Жансейіт Түймебаев - анимациялық туындының авторы
Толығырақ...
Мемлекеттік қызметкерлерді мәдени-рухани дамыту керек
17:26, 14 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызметкерлерді мәдени-рухани дамыту керек
Толығырақ...
Үздіктерді Маржан Есжанова марапаттады
15:01, 14 желтоқсан 2017
Үздіктерді Маржан Есжанова марапаттады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...