ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

187 ТҮЛЕК 120 БАЛДАН ЖОҒАРЫ ЖИНАДЫ

12:41, 29 маусым 2018

Мақтаралдық мектеп бітірушілер... биыл да ерлеп тұр. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 75,8 балды құрады.

Ал, ел аузындағы мақтаулы мектеп, түлегі тегіс «Алтын белгі» алатын – Бауыржан Момышұлы атындағы гимназияның оқушылары... орташа көрсеткішпен 119,8 ұпайды алып, облыста тағы да үздіктер қатарынан көрінді. Ауданда ең жоғары 138  балл «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Мейірбек Қазыбекке тиесілі. Айта кетейік, биыл Мақтаарал ауданында 4524 түлек мектеп бітірсе, соның 2807-і Ұлттық біріңғай тест тапсыруға өтініш берген. Алайда, 36 оқушы өз өтінішін қайта алып, тест тапсырудан бас тартқан. Нәтижесінде маусым айының 20-26 күндері аралығында 4 лекпен өткен тест науқанына 2771 оқушы қатысты. 328 түлек 100 бен 119 балл, ал, 1424 оқушы 60 пен 99 балл, 426 үміткер 50 мен59 балл аралығында нәтиже көрсетті.

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...