ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

300 ТҮЛЕК ҮЗДІК ДИПЛОМ АЛДЫ

14:44, 2 шілде 2018

Биыл өңірімізде жоғары, орта арнаулы оқу орындарын 36 мыңнан астам студент бітіріп, жас маман атанды. Осы орайда Түркістан облысының орталығы - Түркістан шаһарында бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсімі болып өтті.

 Биыл орта арнаулы оқу орындарынан бөлек, 15 мыңнан астам түлек жоғары оқу орнын  тәмамдады. Олар 58 факультетте 481 мамандық бойынша білім алды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік унверситетінде өткен  шараға үздік  дипломды иеленген 300 түлек шақырылды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің үздік түлектеріне салтанатты түрде диплом табыс етті. «Құрмет грамотасымен» марапаттады. І зг і тілегін білдірді.

Жансейіт Түймебаев - Түркістан облысының әкімі

Түркістан қаласына көп кадрлар керек. Осында жұмыс істеуге, жаңа қаланы дамытуға сіздерді шақырамын.Себебі, сіздер диплом алдыңыздар, жоғары деңгейдегі мамансыздар. Ендеше, жас келсе,  іске деген. Осы қалада қаншама министрліктердің өкілдері болады. Бұл деген сіздерге беріліп отырған бақ. Сондықтан осындай мүмкіндікті пайдаланып қалу керек. Сіздерді шақырамын.

Өңірімізде 12 жоғары, 94 орта арнаулы оқу орны бар. Ондағы бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына бірқатар жеңілдіктер жасалған. «Жастар практикасы» бойынша 3 516 жас, ал, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 598 маман жұмысқа орналасты. Биыл тағы да «Жастар практикасы» бойынша 300 жас маманға жұмыс  ұсынылып отыр.

Сенбек Құттыбайұлы  - тілші

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен шарада бітіруші түлектер үздік дипломды иеленіп, жаңа өмірге жолдама алды. Сан тарапқа аттанғалы отырған білімді жастар жанарынан еліне еңбек еткісі келген ерекше құлшынысты аңғаруға болады.

Айдана Төребай - үздік диплом иегері

Біз үшін бүгін тарихи күн. Біз үздік түлек ретінде осындай марапатқа ие болдық. Елбасы бізге үлкен үміт артып отыр. Біз соны ақтаймыз деп ойлаймын. Мақсат - еліміздің дамуына үлкен үлес қоссақ па деймін. Барлық бітіруші түлектер осындай мақсат қояды деп ойлаймын

Айдар Ілескен - үздік диплом иегері

Төрт жылдық оқу нәтижесі қолымда тұр. Қызыл дипломға бітірдім. Мақсатым - өнер жолын қуу. Қазақстанға танымал кино актері  болғым келеді. Бізді облыс әкімінің өзі келіп марапаттады.

Биыл жоғары оқу орындарынан бөлек, колледждерді 109 мамандық бойынша 21 249 студент бітіріп, ел экономикасын өркендетуге үлес қоспақ. Салтанатты шарада қолледж  жастарына  да үздік диплом тапсырылып, арнайы төсбелгілер тағылды. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған іс-шара соңы елімізге танымал өнер жұлдыздарының концертіне ұласты. Түркістан аспанына мерекелік от шашылып,  айнала көркем көрініске бөленді

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ                                

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...