ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

6 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

12:54, 28 тамыз 2019

«Адами капиталды дамытудың көзі ретінде білім беру мазмұнын жаңғырту». Қазығұрт ауданында өткен тамыз конференциясы осылай аталды. Басқосуда білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Қазығұрт ауданындағы білім саласында айшықты істер көп. 31 білім ошағының құрылысы басталып, ағымдағы жылы 6 мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. Заманауи технологиямен жабдықталған ғимараттарда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда. Ел ертеңінің тұтқасы болар жастарға жан-жақты білім беру заман талабы. Әсіресе цифрлы ресурстарды игерудің маңызы зор деді»,- аудан басшысы. 
Төлеген Телғараев  - Қазығұрт ауданының әкімі

Білім сапасын жақсартуда педагогтардың біліктіліктерін әрқашан арттырып отыру маңызды. Әрі олар курстық дайындықтардан өтіп отырады.

Конференцияда мамандар өткен оқу жылында атқарылған істерге есеп берді. Болашаққа бағдар жасады. Тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының педагогикалық және инновациялық, робототехника жұмыстарында тілге тиек етті.  

Бақтияр Бабатаев  - «Қазығұрт» орта  мектебінің директоры

Елбасымыздың Жолдауында білім берудің сапасын жаңашаландыру жөнінде айтылған болатын.  Жоғары сападағы оқытуда жаңа бағдарламалар,  оқулықтар, стандарттар және кадрлар болатыны да шетте қалмаған.   Білім саласының басты назарда болып, мұғалімдердің сапалы қызмет көрсетуіде назардан тыс қалмады.

Шарипа  Абдешқызы – «Болашақ» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Жиын барысында түрлі тақырыпта баяндамалар оқылды. Оның шінде педагогтардың қазіргі жағдайға орай, кәсіби бағдарлай алуы, жастарды көп тілді меңгерген азамат ретінде тәрбиелеу, оқушының тәрбиелеуде мектеп пен отбасының маңыздылығы, және де рухани-патриоттық тәрбие-тәрбиенің негізі тақырыптары болды.

Кеңес соңында білім беру мен тәрбиелеуде нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген ұстаздарға  Құрмет грамоталары табысталды. Арнайы алғыс хаттар берілді. Шара соңында мектеп оқушылары ән шырқап, өнер көрсетті.

Ә. ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ                                                         

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...