ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

783 ЖАС ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

16:04, 21 тамыз 2019

Созақ ауданында жастарды жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тауып келеді. Кәсіпкерлерге де қолдау көп. Дипломмен ауылға көшіп келіп жатқан өрендердің де саны арта түскен. Осы және өзге де жетістіктер «Жастар күні» мерекесі барысында айтылды. Атаулы күнде өз саласында үздік атанғандар марапат биігінен көрінді.

Бағдат Айдарбеков – Созақ ауданы әкімінің орынбасары

Созақтың жастары бағындырған белестер көп. Мақтанышпен айта аламыз. Өткен жылы «Үздік жастар орталығы» номинациясын ұтып алды. Жастар мереке құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Созақ ауданында биыл «Нәтижелі жұмыс» пен  «Жаппай  кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында  783 жас тұрақты жұмыспен қамтылған. 25 жас «Дипломен ауылға» келсе, 315 – жеке кәсіпкер атанды. Мерекелік шарада үздік нәтиже көрсетіп жүрген біртоп жас алғыс хатпен марапатталды. Еткен еңбек бағаланып, арнайы сыйлықтарға ие болды.  

Жандар Бекбергенұлы – «Созақ жастары қоғамдық бірлестігінің» төрағасы

Жастар күні мерекесі аясында бізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұндағы барлық 12 ауыл округтерінде арнайы іс-шаралар бекітіліп, жоғары деңгейде аталып өтті. Біздің жастар әлеуметтік сала болсын, спорт болсын жан – жақты белсенді деп айта аламын.

Бұл күні «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен “Жастар жырласын” аудандық жас ақындар мүшайрасының жеңімпаздары да құрмет төрінен көрінді. Әрбір қазақ белсенділері бейбіт заманда тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен  жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы қажет. Себебі ел сенімін, үмітін ақтау – ілкі буынның қолында екені игі шарада кеңінен айтылды.

Ә. ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ                                                       

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...