ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

12:29, 14 маусым 2019

Мектепті үздік бітірген түлектер мен осы оқу жылында оқушылары жақсы жетістікке жеткен ұстаздардың мерейі тасыды. Созақ ауданында білім биігін бағындыра алғандар түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Алтын белгі және Үздік аттестат иегерлеріне салтанатты түрде құрмет көрсетілді.

Бұл Созақ ауданындағы Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі. Білім ұясын 66 оқушы бітірді. Олардың 5-уі «Алтын белгі» ал, 2-уі «Үздік аттестат» иегері атанды. 9- сыныпты тәмдаған 80 оқушының  10-ына «Үздік куәлік» тапсырылды.

Гүлсара Әлімбекова - Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейінің директоры

Еліміздегі бейбітшілікті қолдайтын, жақсы саясатты қолдайтын, түсінетін, елімізге еңбегі сіңетін, Елімізді дәрежесі тең мемлекеттердің алдыңғы қатарына шығаратындарыңызға сенеміз. Сондықтан да үлкен өмір жолында тағы да сәт сапар тілейміз.

«Болашақ жастардікі» тақырыбында өткен салтанатты кеште  артылған сенім ақталып, еткен еңбек өтелді. Озық ойлы шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға да лайықты құрмет көрсетілді.

Ерұлан Байменов - Созақ аудандық «Жастар орталығының» нұсқаушысы

Құрметті оқушылар, құрметті жастар сіздердің алғашқы қадамдарыңызбен құтықтаймын.Барлықтарыңыз ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетіп, үлкен ілім ордасының студенті болып, жақсы маман болып шығыңыздар.

Мектеп бітірушілерді алда үлкен сынақ күтіп тұр. Ол – ҰБТ. Таңдау жолындағы бұл емтиханнан әр қатысушы сүрінбей өтетініне сенім мол.

Ә. Дәулетбекқызы                                                              

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...