ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

17:18, 18 маусым 2018

Қазақстан мектептерінде барлық емтихандар аяқталып, түлектерге аттестаттар табыс етілуде. Сондай айшықты шараның бірі Қаратау тәжі саналатын Кентау қаласында өтті. Жыл сайын ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы бойынша үздік орыннан көрінетін қала түлектері биыл да сол тұғырдан түспек емес. Себебі, кенді шаһарда биылғы бітірушілер арасында «Алтын белгі» алғандар көп.

Бұл - қаладағы мамандандырылған мектеп-интернаты. Биыл осы білім ошағын 43 түлек бітіруде. Олардың 10-ы «Алтын белгі» иегері болса, 5-еуі үздік аттестат алды. 11 жыл бойы озат оқып, түрлі білім додаларында топ жарған түлектерді мектеп ұжымы үлкен қошеметпен шығарып салды.  

Нұргүл Батырова – Кентау қалалық мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының директоры

Біз барлық бітіруші түлектерге сәттілік тілейміз.Олар осы жерде алған білімдерін алдағы өмірлерінде сәтті қолданады деп ойлаймын. Себебі, біздің үздік бітіріп жатқан оқушылардың барлығы өз білімдерін тек мектеп қабырғасында ғана емес, түрлі жарыстарда да дәлелдеген. 

Жанель Бегалиева – ұстаз еңбегін ақтаған оқушы. 11 жыл озат болған бойжеткен «Алтын белгісін» ақтады. Ол үшін өзін білімге баулыған жандарға дән разы. 

Жанель Бегалиева – «Алтын белгі» иегері

Мен алғыс білдіргім келеді осы мектептің мұғалімдеріне. Осы еңбектерді мен алдағы өмірімде пайдаланамын деп ойлаймын. Және келешекте өзіміздің мектептің атын келешекте биікке көтеремін деп сенемін. 

Қазақта «Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып, тақымын қысады» - деген, тәмсіл бар. Оқушылардың аттестат алу сәті қарсаңында осы сөздің анығындағы ақиқаты белгілі болды. Себебі, салтанатты кеште түлектерден гөрі  ата-ана көңілінде алаңдаушылық басым.

Бақдәулет Бегалиев – ата-ана 

Бұл жердің ұстаздарының барлығы жоғары тәжірибеден өткен. Жетістіктері де мол. Бітіруші түлектері, оқып жатқан түлектері, Облыстық, республикалық, Халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары болып отыр. Бұл мектеп  ұжымына алдағы уақытта биік шыңнан көріне беруіне тілек білдіремін.

«Алтын белгі» алып, үздік аттестатқа қол жеткізген түлектерді енді алда үлкен білім сынағы күтіп тұр. Ол - 11 жыл бойы алған білім таразыға түсер ұлттық бірыңғай тест. Білім гранты білімдіге бұйырғай!

М. АЙТЖАНОВ                   

Тақырып бойынша материалдар

ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
17:07, 21 тамыз 2019
ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
15:49, 21 тамыз 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...