ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Бүгінгі дарын-ертеңгі ғалым

16:46, 20 наурыз 2017

Бүгінгі дарын – ертеңгі ғалым. Еліміз бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінде дәріс алып жүрген жас таланттар Шымкентте бас қосты. Биылғы дәстүрлі Наурыз кездесуі ЭКСПО-2017 әлемдік көрмесіне арналып отыр

Бұл басқосу биыл 7-ші рет ұйымдастырылып отыр. Басты тақырып - «Ғылымның шексіз сырлары». Жиында медицина, физика, инженерия, география, математика және өзге де ғылым салаларындағы инновациялық технологиялар бойынша сессиялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар,  сегіз лекторий өткізу жоспарланған. Еліміздің түпкір-түпкірінен келген балалар тәжірибе алмасып, өзара достықтарын нығайтады.

Мына ойын балалары - ойларын ғылыммен ұштастырған жас ғалымдар. Әрқайсының өзіндік тың жобасы бар. Солардың бірі - Ерасыл Маратов. Жас дарынның  ақылды машинасы әр өсімдікке қажетті су құйып, бағбанның рөлін атқарады. Бұл робот келешекте ауыл шаруашылығын өркендетуге септігін тигізеді, – дейді өнертапқыш.

Бұл жиынға әлем мойындаған ғалымдармен қатар, жас та болса, ғылыми  жобалары назарға іліккен Альбина Абдосова, Сәуле Құрманғазы, Еркежан Манекина секілді саңлақ шәкірттер келіп отыр. Наурыз кездесуі барысында SТЕАМ инновациялық идеялары, оның ішінде баламалы қуат көздері бойынша ғылыми жобалар қорғалады.  

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Білім басқармасының басшысы оқу құралысыз-ақ білім алуға болады деді
17:37, 9 қазан 2017
Білім басқармасының басшысы оқу құралысыз-ақ білім алуға бол...
Толығырақ...
ОҚО-да 12 мың бала 3 ауысымды мектепте оқиды
13:05, 6 қазан 2017
ОҚО-да 12 мың бала 3 ауысымды мектепте оқиды
Толығырақ...
Өңіріміздің үздікері Президенттік олимпиадада бақ сынады
13:36, 29 қыркүйек 2017
Өңіріміздің үздікері Президенттік олимпиадада бақ сынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...