ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАҒЫ ӨЗГЕРІС -УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА СЕРПІН

13:08, 26 маусым 2018

Түркістан қаласының облыс орталығы болып белгіленуі... осындағы халықаралық университет ұжымына... үлкен қуаныш сыйлап отыр. Бұл көпұлтты студенттерді оқытатын оқу орнына жауапкершілік жүгін де жүктейді.

Болатбек Әбдірәсілов – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры

Қасиетті Түркістанды облыс мәртебесіне көтерген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігіліне университет ұжымы атынан ризашылығымды білдіріп, рахмет айтқым келеді. Түркістан - қазақ хандығының астанасы болған, екі мың жылдық тарихы бар, Ұлы Жібек жолы тоғысқан киелі қала.

Игі бастама «Мәңгілік ел» қағидасын ұлы мұрат тұтқан қазақ халқы үшін үлкен қуаныш. Ел тарихындағы Ұлы шешімдер қабылданған хан ордасының осылайша, мәртебесі асқақтап отыр. Ұлт көшбасшысының Жарлығы киелі қаланың өсіп-өркендеуіне тың серпін бермек. Қала аумағында үлкен құрылыстар басталып, тарихи қаланың қайта жаңғыратынына жергілікті тұрғындар разы.

Қасиетті мекеннің облыс орталығы атануы университет ұжымы үшін серпіліс. Оқу орнының әлеуеті артады, - дейді ұстаздар. Білімді жастардың киелі орданың шәкірті болуға деген  ынтасы артады. Университетте студенттер контингенті өсіп,  түркі дүниесіндегі  географиялық аумағы ұлғая түспек.  

Түркістан облысының құрылуы экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелерде өңірге тың серпін беретін болады. Өзгерістер - шаһардың шартарапқа кеңінен танылуына, ынтымағы ұйысқан аймақтың татулығын сабақтай түсуге де үлкен мүмкіндік.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
17:07, 21 тамыз 2019
ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
15:49, 21 тамыз 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...