ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

Халықаралық қазақ-түрік университетіне – 25 жыл!

12:45, 5 мамыр 2017

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи университеті - тәуелсіз мемлекетпен тел жетілген оқу орны. Білім шаңырағы өздерінің 25 жылдық мерейтойы мен университет күнін атап өтті. Бұл күні білім ұясынан қанат қаққан түлектер бас қосып, өткен күннен естеліктер айтты

Бұл 1992 жылғы мамырдың бірі болатын. Бауырлас, түбі, діні, ділі бір екі ел – Қазақстан мен Түркия арасындағы берік ынтымақтастықтың белгісі ретінде  Құл Қожа Ахмет Яссауи атындағы университет құрылды. Игі іске тәуелсіздігін енді алған Қазақстан басшысы мен  Түркия Республикасының сол кездегі премьер-министрі Сүлейман Демирел ұйытқы болып,  Түркістандағы Мемлекеттік университетке халықаралық мәртебе берді. Қазақ-түрік бауырластығының дәнекеріне айналған құжатқа бүгінде 25 жыл.

Уәлихан Әбдібеков – Қ.А.Яссауи Атындағы ХҚТУ-нің ректоры

Түркістан биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие. Университет түлектері сабақты ине сәтімен келіп, осынау мерейлі жыл аясында бас қосқандарына риза.  

Әділ Әуелбеков – Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-НІҢ түлегі

Марат Достаев - Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің түлегі

Айтулы жиында оқу орнының алғашқы жылдардағы қиындықтары, сол қиындықты жеңу жолындағы ерен еңбек тереңінен айтылды. Мерейлі тойға арнайы келген түлектер білім ордасының бүгінгі әлеуетін көріп, жоғары баға берді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...