ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ҚАЖЕТСІЗ МАМАН ДАЙЫНДАҒАН ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЛИЦЕНЗИЯСЫНАН АЙЫРЫЛАДЫ

12:59, 23 қазан 2018

Елбасы жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі жоғары оқу орындарындағы маман дайындау ісінің сапасын арттыру. Сонымен қатар, кадр дайындауда қажеттілікті ескеру. Осы мәселелердің аймақтарда орындалуына ықпал ету үшін Түркістанға Парламент мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов келді. Өңірге жасаған сапары кезінде мәжілісмен ҚожаАхмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ұжымымен кездесіп, жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жайын талқылады.

Жоғары оқу орындары үшін биылғы жолдаудың жөні бөлек.Себебі, ел дамуын айқындаған жаңа құжат елдегі білім ошақтары арасындағы бәсекелестікті арттырып, жұмыс сапасын жақсартады. Ендігі жерде оқу орындары бұрынғыдай тек маман даярлап ғана қоймай оның жұмысқа орналасуы мен жоғары жалақыға қол жеткізуіне де ықпал етуі тиіс. Өйткені, бұдан былай жоғары оқу орындарының деңгейі сол арқылы анықталатын болады. 

Әбдіманап Бектұрғанов  – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Жолдаудағы үлкен талаптардың бірі мынау жоғары оқу орынын бітіріп жатқан кадрлар ол мынау біздің экономикамызға қажеттілігімізге әр саланың қажеттілігіне қарай кадр дайындауымыз керек. Егер ол кадрлар еңбек нарығына қажет болмайтын болса, онда ол мамандықтардың лицензиясы қайтарып алынатын болады.

Жоғары оқу орындарына жоғары талап қойған жолдауда жастар мәселесіне де жақсы көңіл бөлінген. Бұл өз кезегінде елдегі белсенді жас буынның белсенділігін одан сайын арттырып отыр. Ол туралы, оқу орнында өткен кездесу кезінде сөз алған студент жастар мәлімдеді. Мәжілісмен мен болған басқосуда шәкірттерде өздері тарапынан жолдауға сай жоспар құрылғанын жеткізді. 

Диас Бекпаев – Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ студенттер кеңесінің төрағасы 

Келесі жылы Елбасы тарапынан жастар жылы деп жарияланды. Бұл жаңалық біз үшін өте қуанышты себебі көптеген мақсаттарға жетуімізге мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар Елбасының кез-келген жолдауы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға негізделген.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту Елбасы назарынан ешуақытта да тыс қалған емес. Ендігі міндет жолдауға сай жұмыла істеу керек. Кезекті жиындағы қорытынды  ой - осы. 

Тақырып бойынша материалдар

ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
17:07, 21 тамыз 2019
ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
15:49, 21 тамыз 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...