ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ЛАГЕРЬДЕГІ ДЕМАЛЫС ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫМЕН ӨТУДЕ

18:24, 12 маусым 2018

Түркістан қаласында биыл 245 оқушы тегін жолдамамен жазғы сауықтыру орындарына барады. Олар - әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасы балалары. Мемлекет қамқорлығына мұқтаж қарадомалақтардың демалысы үшін жергілікті бюджеттен 4 млн. 900 мың теңге қаржы бөлінген.

Бұл - биыл ғана күрделі жөндеуден өткен «Балауса» лагері. Мұнда бір ауысымда 150 бала тынығып, демала алады. Олар үшін барлық жағдай қарастырылған. Тынығатын бөлмелердің жайлылығын айтпағанда, шомылуға арналған бассейн балғындар игілігіне жұмыс істейді. Ал, демалыс кезінде оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, дара қабілетін шыңдау үшін білікті мамандар барын салуда.

Ғани Рысбеков – Түркістан қаласы әкімінің орынбасары

Осы балаларды сауықтыру мақсатында осы балаларды дұрыс тәрбиелеу мақсатында ең үздік деген тәрбиешілерді осында таңдап алдық. Сондықтанда осы лагерлердің ұйымдастырылуы біз үшін өте маңызды. 4 млн 900 мың теңгеге 245 оқушы .

Сауықтыру лагері талапқа сай. Қала қазынасынан 85 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өтті. Асхана да бұрынғыдай емес. Кең. Жарық.  Қуатты, сапалы тағамның сан түрі бар. Ал, бос уақытты тиімді үйлестіруге келгенде тағар сын жоқ.

Бекарыс Шойбеков – Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы

Біз балаларды қуанту мақсатында бірнеше сюрприздерді жасағымыз келді. Қуантқымыз келді. Соның бірі «Алты маусымға алты жұлдыз» деген ұран тастадық. Сөйтіп, осы еліміздегі эстрада жұлдыздарына осы балаларды келіп қуантсаңыздар деп ұсыныс тастаған едік олардың ешқайсысы да ұсынысымызды жерге тастаған жоқ.

Балаларды қуантуға алғаш болып, келіскен әнші - Заттыбек Көпбосынұлы. Ол жазғы демалысын үйде емес, лагерьде өткізіп жатқан балғындарға барып, өзінің керемет кешін ұйымдастырды. Бала бақытын басты орынға қояған жомарт жандарға оқушылардың, әсіресе, ата-аналардың айтар алғысы шексіз.

Зухра Мұстапаева – ата-ана

Менің қала әкіміне айтар алғысым шексіз! Осы біз сияқты аналарды елеп, екі балама тегін жолдама берді. Құдай қаласа, осындай сауықтыру шаралары бізде көбейе берсін.

Бар қуаныш - балаларға. Осындай қағиданы ұстанған рухани шаһар билігі оқушылардың сапалы тәрбие алып, тынығуын қашанда басты назарда ұстамақ.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН

Тақырып бойынша материалдар

ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
17:07, 21 тамыз 2019
ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
15:49, 21 тамыз 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...