ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ДЫ ТАЯУ КҮНДЕРІ ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР

13:36, 20 маусым 2018

Сапалы біліммен - жарқын болашаққа. Еліміздегі іргелі оқу орны М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне конкурстық тәсілмен тағайындалған Дария Қожамжарова... журналистермен алдағы жоспарларымен бөлісті. Бірегей білім ордасындағы оқу сапасын жақсартып, бәсекеге қабілетті маман даярлау – жаңа басшының ең негізгі ұстанымы. Қазақстандағы ең үздік 20 жоғары оқу орны ішінде... үздік үштікті түйіндейтін университетте... таяу күндері соны өзгерістер болады деп күтілуде.

Іргелі оқу орнында 15 500 шәкірт 1 500 мыңнан астам оқытушы-профессордан білім алуда. Отандық еңбек нарығы үшін университет 86 түрлі  мамандық иелерін даярлап шығады. Бірақ, университет басшысының айтуынша, нарықтағы соңғы қажеттіліктер ескеріліп, заман талабы көтермейтін мамандықтардың орнына басқасын ашу жоспарда бар.

Дария Қожамжарова – М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

Мәселен, құқықтанушы деген мамандық бар. Ол оқуын тәмамдағанда кім болып шығады? Өмір талап етіп отырған мамандықтарды ашуымыз керек. Айталық, робототехинка және мехатроника. Бұлар қазір сұранысқа сай мамандықтар...

Жаңа басшы университет тізгінін қолға алған сәттен бастап, 1 ай бойы білім ордасына мониторинг жүргізді. Сөйтіп, алдағы үш жылға оқу ордасының даму концепциясын жасады. Ұстаздардың әлеуметтік әлеуетін бағамдады. Ректор пайымынша,  оқытушы құрамның айлығы шайлығынан артылмайды.

Дария Қожамжарова – М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

Ең әуелі оқытушылардың айлығын көтеруді міндет етіп отырмын. Өйткені, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы төмен болса, оның жұмыс істеуге деген ынтасы болмайды...

 

Жатақхана жыры - қашанда өзекті. Бұл мәселе - Елбасының «5 әлеуметтік бастамасында» да орынды көтерілген болатын. Осыны ескерген Дария Пернешқызы шәкірттердің жатын орнын түгел аралап шықты. Ескіні жамап, ес кетіргенше, жаңасын салу керек деген байламға келді.   

Дария Қожамжарова – М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

6 жатақхана бар екен. Оның біразы ескі, Кеңес дәуірінен келе жатқан жатақханалар. Мен қаржыгерлерге тапсырма бердім. Жаңасын саламыз деп...

Биыл білім ордасының құрылғанына - 75 жыл. Талай талант пен ғалым-ғұламалар білім нәрімен қанаттанған қарашаңырақтың келешекке жоспары ауқымды. Айтпақшы, бұдан былай университетті оқып, бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша көзбояушылыққа жол берілмейді. Жалған құжаттар қабылданбайды. Базалық зейнетақы қорына түскен қаражаты бойынша түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші қатаң қадағаланбақ. Ол үшін кәсіпорындармен келісім-шарт түзілді.

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ                        

Тақырып бойынша материалдар

ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
17:07, 21 тамыз 2019
ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
15:49, 21 тамыз 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...