ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ӘКІМДЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Мұғалімдердің жалақысы көбейеді

13:42, 12 қаңтар 2018

Ел Президенті Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында жаңартылған білім мазмұнына көшкен мұғалімдердің жалақысын 30 %-ға көбейтуді тапсырды. Бұл арнайы курсты бітірген ұстаздарға қуаныш сыйлап отыр. «Мәселе... жалақының өскенінде емес, Елбасының кезекті рет мұғалімдердің мәртебесінің көтерілуіне ден қоюында», - дейді бала жанының бағбандары.

Роза Ердесова – жас маман. Қызметке кіріскеніне көп уақыт болмаса да жаңартылған білім мазмұны негізінде дәріс беріп келеді. Ағылшын тілі пәнінің ұстазын Елбасының жаңа Жолдауы қанаттандырып отыр.

Кезекті Жолдау жұмыс қарқынын арттыруға тың серпін болмақ. Ұстаз көңілінің қуанғанына оқушылар да разы. Пайымдарынша, Елбасының дәстүрлі жолдаулары елді тек алға бастайды. Үш тілді білім алған, бәсекеге қабілетті жастардың жалғыз ниеті – Президент көрсеткен 10 бағытты жүйелі жүзеге асыру.

Жолдау, жолдауға болсын, Қолдау. Адами капиталды дамытып, білім мен денсаулық сақтау саласын озат елдердің көрсеткішіне жеткізу... әр мамандықтың өз патриотының еңбегімен іске асады. Бұл ретте оқушы мен ұстаз біріккен күш болып, құнды құжаттағы міндеттерді іске асырмақ.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы            

Тақырып бойынша материалдар

МАҚТАРАЛДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 8 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
12:54, 11 шілде 2018
МАҚТАРАЛДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 8 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ АЛҒАШ БОЛЫП ҮНЕМДЕУ ЛАМПАЛАРЫН ШЫҒАРҒАН
15:13, 5 шілде 2018
ӨҢІРДЕ АЛҒАШ БОЛЫП ҮНЕМДЕУ ЛАМПАЛАРЫН ШЫҒАРҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ
16:04, 13 шілде 2018
ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАД...
Толығырақ...
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
17:00, 10 шілде 2018
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
12:09, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРД...
Толығырақ...